• Басты
  • Ai.Dana әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша 17 мыңнан астам консультация өткізді
28 Мамыр, 2020 10:47

Ai.Dana әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша 17 мыңнан астам консультация өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кері байланысты жаңғырту мақсатында 2019 жылы Аi.Dana виртуалды консультантын құрды. Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді және бүгінде 17 мың адамға әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша консультация берді, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ai.Dana әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер бойынша 17 мыңнан астам консультация өткізді

Виртуалды консультант ҚР Еңбекминінің сайтында, Электрондық еңбек биржасында, сондай-ақ @enbek_bot мекенжайы бойынша Telegram-ботта және Электрондық еңбек биржасының Facebook-тағы парақшасында қолжетімді.

«Министрліктен кері байланыс ұйымдастыру мақсатында біз call-орталық немесе әлеуметтік желілер сияқты дәстүрлі әдістермен ғана емес, одан әрі, жасанды интеллектке қарай жүруді шештік және виртуалды кеңесшіні құрдық. Ол 24/7 режимінде сізбен әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтер туралы ақпаратпен бөлісуге дайын. Сапалы кеңес беру үшін оның білім беру қорын толықтырған маңызды екендігі түсінікті. Біз мұндай жұмысты жүйелі түрде жүргіземіз, сондай-ақ бұрын қойылған сұрақтар мен азаматтармен арадағы диалог негізінде өзін-өзі оқытуға мүмкіндік бергіміз келеді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Ai.Dana-ға хабарласу үшін Еңбек министрлігінің сайтында беттің төменгі оң жақ бұрышындағы консультант батырмасына басқан жеткілікті. Осылайша, сіз ҚР Еңбекминінің қызметтерін алуға қатысты кең таралған сұрақтарға жауап ала аласыз. Мысалы, мәзірден «Жұмыспен қамту» бөлімін таңдап, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; жұмыс іздеген адамдарды тіркеу; жұмыс іздеген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу сияқты қызметтер бойынша кеңес алуға болады.

Виртуалды консультантты әзірлеу үшін барынша түсінікті тілде сұрақтар қабылдауға мүмкіндік беретін нейрондық желілер арқылы талдаудың озық технологиясы қолданылды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды