• Басты
  • «Агромашхолдинг KZ» дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады
20 Сәуір, 2020 09:55

«Агромашхолдинг KZ» дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады

Қостанай ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Агромашхолдинг KZ» кәсіпорны қала көшелеріне дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады,деп хабарлады Strategy2050.kz ИИДМ-ға сілтеме жасай отырып.
«Агромашхолдинг KZ» дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады

"Lovol 604" модификацияланған моделінің алғашқы топтамасы қала көшелеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін аймақтағы "АБЗ плюс" компаниясына жеткізілді.

"Lovol" тракторлары - түрлі аспалы, жартылай аспалы және тіркеме жабдықпен жабдықталады, осылайша олар ауыл және коммуналдық шаруашылық саласында, құрылыста және басқа да бағыттарда тиімді пайдаланылады. 

Аталмыш тракторлардың маңызды ерекшеліктерінің бірі еуропалық дизайніндегі жылыту және кондиционері бар үшінші буын кабинасы. Сонымен қатар трактор гидронасоспен және қуаты ұлғайтылған қозғалтқышпен жабдықталған.Естеріңізге сала кетейік,  35-тен 130 а.к. дейінгі "Lovol" тракторларының жиыны Қостанайда өткен жылдан бері шығарыла бастады. Отандық өндіруші "Агромашхолдинг KZ" тракторларын "БРК-лизинг" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ және "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ арқылы сатып алуға болады.

"АгромашХолдинг KZ" АҚ - Қазақстандағы "ESSIL" маркалы астық жинайтын комбайндарды, LOVOL тракторын, кең ассортименттегі қосымша өнімдерді өндіретін жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын, сонымен қатар ҚР аумағында "Гомсельмаш" ААҚ өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

Сонымен қатар кәсіпорын қолданыстағы өндірісті жаңғырту, шығарылатын өнім желісін кеңейту бойынша үнемі белсенді жұмыс жүргізеді.

Компания еліміздің барлық астық егетін өңірлерінде 8 филиалы мен 11 өкілдікті қамтитын ірі қызметтік-өткізу желісіне ие. Кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасын жүзеге асыру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету саласында үлкен жұмыс өтілі бар 150 жоғары білікті маман еңбек етеді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды