- Басты
- Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Грекия Мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.
Көрменің ашылуы қарсаңында Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен Баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Қазақстанның Грекия Республикасындағы елшісі Алексей Волков, Ежелгі және мәдени мұраның Бас директоры Поликсени Адам-Велени, Афинадағы Эпиграфиялық музейдің директоры Атанассиос Темос, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Алмаз Шайкенұлы Нұразхан, т.ғ.д., профессор Зайнолла Самашұлы Самашев қатысты.
Сонымен қатар шара барысында белгілі археолог, т.ғ.д., профессор, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, жалпыұлттық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, Герман археология институтының корреспондент мүшесі Зайнолла Самашев «Ежелгі сақтардың Қазақстандағы мәдени кешені» атты дәріс оқыды.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан: «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» көрмелік жобасы әлемді аралап келеді. Грекия - Қазақстанның тарихи – танымдық көрмесін тамашалап отырған он екінші мемлекет. Елімізді әлемге таныту мақсатында осы көрме жобасы бойынша бағдарлама ұсынған Елбасы Н. Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Бүгінге дейін Қазақстанның өңірінен табылған алтын адамдар біздің еліміздің ерте дәуірдегі мәдениетін, тарихын айқындайтын ұлттық құндылықтар болып табылады. Көрме жұмыстарына қолдау білдіргені үшін Грекияның Мәдениет министрлігіне, Афина қаласының Эпиграфиялық музейінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді.
1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есік қорғанынан, кейін Қазақстанның символына айналған, сақ патшасы – «Алтын адамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация орын алды. Баға жетпес олжаға «Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «ғасыр жаңалығы» деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегіне айналды, ал Алтын адамның мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды.
Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын жариялады. Ауқымды шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша және Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өтті.
Афина эпиграфиялық музейіндегі көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.
Сақтар (парсы тілінен аударғанда – «алып ерлер») – қазақтардың ертедегі бабалары. Грек авторларының шығармаларында оларды азиялық скифтер (saka сөзі скифтердің «бұғы» сөзінен туындайды), басқа ежелгі дереккөздерінде «ұшқыр атты турлар» деп көркем сипаттаған. Осы тайпалардың үлкен үш тобының қатарында «Алтын адам» жерленген Есік қорғаны табылған аймақта тұрған сақ-тиграхаудтар («шошақ бөріктілер») бар болатын. Қорғаннан арасында киімдерді безендіретін деталдар, сол сияқты әшекейлер мен тұрмыстық заттар бар төрт мыңнан астам алтын бұйымдар табылды. Зерттеушілердің қорымдағы заттардың топографиясын тер төгіп зерттеулері нәтижесінде, көрмеге ұсынылып отырған сақ жауынгерінің келбетін жаңадан жасап шығу мүмкін болды. Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.
Ежелгі дала өнерінің маңызды ерекшелігі саналатын зооморфтық бейнелердің басымдығы да мифологиялық ойлау өлшемдерімен белгіленеді. Мұның сюжетінің драматизмі жақсылық пен жамандықтың күресі, жарық пен қараңғының бастауы, жаңа өмірдің жасалуы, қарама-қайшылықтардың мәңгілік қозғалысының және мәңгілік күресінің символы ретінде түсіндіріледі. Осындай қарама-қайшылықтың айқын үлгісі ретінде көрмеге ұсынылған алтыннан қалыптау және бедерлеу техникасымен жасалған V-IV ғасырларға тән жапсырмасы бірін бірі дәл қайталайтын қос барыс түріндегі айылбасты айтуға болады.
Христиандық пен мұсылмандықтың орнығуына қарай «аң стилі» біртіндеп пұтқа табынушылық пен түсініктен шығатын бастапқы мәнін жоғалта бастады. Алайда бастапқы сиқырлы мәнінен айрылған жануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулет сынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде, стилденген ою, зер элементтерінің пішінін қабылдап қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияға қойылған XV ғасырға тән деп даталанған Сайрам көмбесінен табылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады. Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілді.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 144 зат ұсынылды. Көрмеге қойылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі.
-
Бизнестегі оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануға арналған мүмкіндіктер кеңеюде
Сенат отырысында заңнамаға оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды.
05 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Елорда әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галерея ашылды
Ел астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галереяның ашылуы болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 11:42
-
Қ.Тоқаев Бішкектегі Ұлттық тарихи-мемориалдық кешенге барды
Қазақстан Президенті Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 15:38
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай өтіп жатқан Елбасы кітапханасы онкүндігінің аясында "Жастар - елдің тірегі" атты көрме ұйымдастырылды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 17:43
-
Еуразия кеңістігінде өмір сүрген халықтардың ортақ тарихи мұрасын зерттеу қолға алынды
Ел астанасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласының ережелерін жүзеге асыруға арналған "Еуразия тарихының мұрасы" көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:43
-
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
19 Қараша 2019, 15:19
-
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 14:59
-
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа форумы шетелдік сарапшылар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биыл «БАҚ және қоғамдық келісім» деген тақырыппен төртінші мәрте өтті. Форум қорытындысында БАҚ арасындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 18:08
-
О.Оразалин: Ақтөбе облысында 20 мың жұмыс орны ашылды
Биыл Ақтөбе облысында 20 мың жұмыс орны ашылды. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының биылғы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 13:31
-
Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейді
«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда.
12 Қараша 2019, 15:34
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Қазақстан-Қытай: ЕҰУ-де фотокөрме ашылды
ҚР Еуразия Ұлттық университетінде «Жетістіктің 70 жылдығы»: ҚХР құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қараша 2019, 17:50
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
04 Қараша 2019, 15:18
-
Елордада үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі өтіп жатыр
Елордада "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" республикалық көрмесі өтіп жатыр. Алғаш болып сөз алған аталған көрменің негізін қалаушы, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" президенті Тамара Дүйсенова үздік деген бірқатар жобаны таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
01 Қараша 2019, 16:31
-
ҰОС-та қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеу үшін сайт ашылды
Ұлы Отан соғысында қаза болған, хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру үшін арнайы сайт ашылды. Бұл туралы "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің Басқарма басшысы Мұрат Молдағалиев аталған бірлестіктің жұмысымен таныстыру мақсатында өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
31 Қазан 2019, 14:18
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды