• Басты
  • Адами капиталды дамыту бойынша зерттеудің нәтижесі жарияланды
6 Мамыр, 2020 16:13

Адами капиталды дамыту бойынша зерттеудің нәтижесі жарияланды

«Ең алдымен адамдар» зерттеу жұмысының нәтижелері жарияланды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының тапсырмасы бойынша жарты жыл ішінде ӘЭСИ сарапшылары келесі бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді: адами капитал және еңбек нарығы, жаңа экономикалық модель және өсу нүктелері, кеңістіктік даму, мемлекеттік басқару, азаматтар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, макроэкономикалық орта. Аталған зерттеу қандай факторларға негізделгені туралы сарапшылар айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Адами капиталды дамыту бойынша зерттеудің нәтижесі жарияланды

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұсынымдар ғылыми-қолданбалы сипаттағы бес арнайы кітап форматында ұсынылған. Алдымен оларды назарларыңызға ұсынсақ:

 Тұрақты өсім полюстері

Елдің кеңістіктік дамуының ағымдағы моделін қалыптастыру факторларын, урбандалу мен өңірлерді дамыту саласындағы саясатты зерттеу нәтижесінде теңгерімді өңірлік саясат, көші-қонды оңтайлы басқару, сонымен бірге "тұрақты өсім полюстерін" дамыту бойынша шешімдер ұсынылды.

Макроэкономикалық иммунитет

Зерттеу шеңберінде Қазақстанның тұрақты қаржылық иммунитетін қалыптастыру үшін фискалдық және монетарлық саясаттың негізгі кедергілері анықталды. Экономика дамуының сценарийлік болжамдарын экономикалық модельдеуді қолдану, сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан шараларын бағалау бойынша ұсынымдар жүйесі әзірленді.


Экономиканың жаңа ынталандырулары. Индустрияландыру. Постиндустриялық қоғам.

Кітапта индустриялық экономика мен қоғамның постиндустриялық даму сатысына көшуге қажетті экономиканың түрлі секторларының тиімділігін арттыру және құрылымдық реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шешімдер әзірленді.

Қазақстан Республикасының адам капиталын дамыту

Кітапта Қазақстанның әлеуметтік капиталының жай-күйін қалыптастыратын адам капиталы факторларының жиынтығы, әсіресе құндылық қасиеттері зерттелген. Экономиканың әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты өсуі үшін қажетті адам капиталын қалыптастыру бойынша бастамалар ұсынылған.

Қуатты мемлекет.Кемел қоғам.

 Кітапта мемлекеттік басқарудың ағымдағы және перспективалық моделін дамытуда мемлекеттік аппарат пен қоғамның өзара іс-қимылы және қатысу сипатының мәселелері зерттелген. Мемлекеттік басқарудың проблемалық аймақтары анықталып, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының нысандары мен басқару жүйелерін трансформациялау бойынша бастамалар ұсынылған.

Аталған кітаптар Қазақстан экономикасының даму факторлары мен жағдайларын кешенді ғылыми-практикалық зерттеу нәтижесі болып табылады. Зерттеуді халықаралық және қазақстандық сарапшылар тобы жүргізді.

Зерттеу мақсаттары елдің адам, табиғи, өндірістік және инфрақұрылымдық капиталын қалыптастыру ерекшеліктерінен бастап, экономика мен қоғам сапалы және тиімді жаңғыруы үшін қажет формалды және формалды емес институттарды қалыптастыруға және дамыған 30 елдің қатарына кіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың басым бағыттарын айқындауға дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды.

 Зерттеуге қатысқан сарапшылардың бірі Гүлбану Пазылхаирова коронавируспен күрес бізге ең басты екі осал тұсты көрсеткенін айтты.

«Оның бірі - пандемия әртүрлі шаралар мен ресурстарды басқара алатын қызметтік Үкіметтің қажет екенін көрсетті. Екіншіден, мемлекет ең алдымен қоғамдық құрылымға басты назар аударып, өзге қажет емес қызметтерден бас тартуы керек. Осындай күрделі кезеңде біз зерттеуіміздің нәтижелерін жариялап, пікірталастарғымыз келеді», - деді ол.

Ол атағандай, Қазақстандық Сараптау Клубы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры тапсырмасымен 2019 жылы басталған зерттеулер топтамасын жүргізді.

«Зерттеуге 50-ге жуық ұлттық   сарапшылар қызмет етті. Зерттеуге әдістемелік қолдау көрсеткен шетелдік белгілі сарапшылар арасында Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бас экономисі Эрик Берглоф, Польшаның экс-қаржы министрі, Whiteshield Partners директоры Павел Войцеховски, Whiteshield Partners сарапшысы, ЕҚДБ – ның бұрынғы бас экономисі - Сергей Гуриев, Париж саяси ғылымдар мектебінің профессоры (Sciences Po), Фади Фарра –Whiteshield Partners компаниясының тең құрылтайшысы, директоры және серіктесі, Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің аға оқытушысы және өзгелер бар», - дпеді Г.Пазылхаирова.

   Сарапшы айтып өткендей, ұсынылған барлық барлық шешімдер 10-15 жыда елдің тәжірибесінде орын алған ұстанымдар.

«Бұл зерттеуді талқылау барлығына керек деп түсінеміз. Зерттеу барысында біз елдің дамуына қатысты барлық сұрақтарға жауап бермейтінімізді түсіндік. Алайда, қоғамдық институттар мен құндылықтар, адами капитал арасындағы кедергілерді анықтауға қауқарлымыз. Елдің одан әрі дамуына беретін қозғаушы күшті анықтауға мүмкіндігіміз бар. Қазір бапрлығымыздың басымызға түсіп отырған дағдарыс бізге зерттеуді қайта қарауға мүмкіндік етті. Күн тәртібіне дағдарысқа қарсы іс-шаралар мен экономиканы тұрақтандыру мен вирустан кейінгі экономиканы қалпына келтіру мәселелері енді», - деді ол.

   Оның айтуынша, бұл әртүрлі саланы қамтитын аспектілер болғанымен, зерттеу ұжымы «Ең алдымен адамдар» деген шешімді басшылыққа алды.

«Зерттеу барысында Қор тағы бір бағдарламаны бастамашылыққа алды. Бұл трансформациялық көшбасшылар бағдарламасы, онда біз экономиканың кейбір салалары бойынша кедергілерді жоятын көшбасшылар дайындау. Зерттеу жұмысының құрылымы   5 кітапқа сүйенді. Бүгінде барша елдердің алдында бір сынақ тұр. Ол таланттар үшін күрес. Қазақстанда халықтың 50 пайызы яғни, 9 млн адам 30 жасқа дейінгі адамдар. Бұл жаңа талаптары мен қажеттіліктері бар жаңа буын. ЕОлар өзгерістерге дайын ұрпақ, сондықтан да мемлекет жаңа сынақтар мпен өзгоерістерге дайын болуы керек. Елбасы қоры бұл әдістемелерді зерттеп, жаңа ұсыныстарды әзірлеуге септігін тигізеді. Сондықтан да, алғашқы зерттеу «Болашақ үшін күрес» адами капиталды дамытуға бағытталған», - деді Г.Пазылхаирова.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер санатын қалай қалыптастыру керек, тұрақты жұмыс орындарының ашылуы сынды салалар да қамтылғанын атап өтті.

 «Қазақстан аз халқы бар үлкен мемлекет. Қалаларға шоғырлану жұмысын қалай жүзеге асыруға болатынына қатысты дұрыс шешім қабылдауы керек.Шектелген табиғат және су ресурстарын қолдану бойынша да оңтайлы шешімдерді қабылдауы керек. Сондықтан да біздің тағы бір зерттеуіміз кеңістіктік дамуға бағытталған. Жаңа ұрпақтың сұраныстары әлеуметтік келісім моделіне де ісер етеді. Қуатты мемлекет саналы қоғамды талап етеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл зерттеуге тек мемлекеттік институттар ғана емес. Барлық қоғам қатысуы керек.Оның ішінде біздің Қор да бар», - деді ол.

   Өз кезегінде «Болашақ үшін күрес» тармағы бойынша Консалтингтік зерттеу институтының серіктесі Әнуар Боранбаев зерттеудің қорытындыларына тоқтап өтті.

«Біз зертеуді бастаған кезде дайын гипотезалар мен идеясыз бастадық. Біз барынша нақты әрі шынайы зертеу жүргізуге тырыстық. Ол Қазақстандағы адами капиталды қалай дамып жатқанын түсіндіру. Сондықтан да біздің танысытырылым» Болашақ үшін күрес» адами капиталға жаңа көзқарас болып аталыд», - деді ол.

Ол атап өткендей, Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңінде тұр.

«Неге үшінші жаңғыру? Егер де Тәуелсіз Қазақстанның тарихына үңілсек, өткен кезеңде екі жаңғыруды байқауға болады. Бұл 90 жылдар немесе бірінші жаңғыру. Ол кезде ең басты мақсат егемендікті сақтау мен мемлекет құру болды. Қазақстанды әлем картасында нақтылау кезеңі болды. Кез келген өзгерістер қаржыландыру көзіне ие болуы керек. 90 жылдарындағы басты қозғаушы күш әртараптандыру болды. Сол кезде біз күрделі экономикалық көрсеткіштердің құлдырауын бастан кешірдік. Бұл уақыт еркін мен құрылымдық реформалар кезі болды», - деді ол.

Ә.Боранбаев айтқандай, екінші кезең   1998 жылы Азиялық дағдарыстан кейін 2000 жылдары көмірсутекке сұраныс туды.

«Ол кезде мемлекет құрылған. Елдің дамуына бағытталған табиғи ресурстар пайда болды.Осы кезде жаңғырудың екінші кезеңі басталды. Сол кездері Қазақстан Азия елдері арасындағы барысқа айналды. 2010 жылдардың ортасына қарай бұл модель өзін жоғалтты. Одан әрі не болады деген сұрақ туды. Бұл мәселе 2000 жылдары да айтылып жүрді», - деді ол.

  Сарапшы айтқандай, көптеген мемлекеттік құжаттар экономика білімі мен адамдар білімін арттыру қажеттігін көрсетті.

«Осы орайда ең басты қозғаушы күш адами капитал екені анықталды. Адами капитал жеке, әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатты арттыратын құрал. Құндылықтар мен қабілетке ерекше тоқтауға тырыстық. Себебі, бұл біздің пікірімізше, Қазақстанда адами капиталға қатысты зерттелмеген саланың бірі. Көптеген саясаттанушылар адами капиталды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау призмасы бойынша бағалайды. Алайда, біздіңше, ол маңызды , алайда адами капиталды толық түсінудің басты қозғаушы күші емес», - деді ол.

  Ә.Боранбаев атап өткендей, қазақстандықтар аддекватты түрде қажетті деңгейге жетті.

   «Алайда, кей жерлерде олқылықтар бар. Біз халықаралық деңгейдегі тәжірибеге шыққан кезде қабілттер барын байқадық. Жұмсақ машық дегеніміз адамдар арасында балйнас орнатудағы аса қажетті құрал. Адами капитал серіктеспен бірге жұмыс істегенде жақсы нәтижелерге жететінін көрсеті. Әлеуметтік капитал адамдар арасында мүмкаіндіктер тудыратын құрал. Сол үшін де жұмсақ машық аса маңызды. Оған ұжымда жұмыс істеу, критикалық ойлану, өзгенің пікірін сыйлау, бұл креативтілік», - деді ол.

 Айта кетейік, зерттеу нәтижелері ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының ресми сайтының арнайы бетінде жарияланады.

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100