• Басты
  • Адамдарға көмектесу- жақсы іс – Е.Жанабаев
11 Наурыз, 2020 17:23

Адамдарға көмектесу- жақсы іс – Е.Жанабаев

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген Ерлан Жанабаев ішкі істер саласында 17 жылға жуық қызмет етіп келеді. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының №24 учаскелік пунктінде инспектор  болып жұмыс істейді. Күнделікті жұмысқа айналып кеткен табандылықты қажет ететін ісі туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне айтып берді.

 Адамдарға көмектесу- жақсы іс – Е.Жанабаев

Ерлан Жанабаев жоғары білімді Шымкент қаласында заңгер мамандығы бойынша алған.

 Е. Смадиярұлының айтуынша, 1 ақпанда өзінің учаскесін аралап жүрген. 

13.30-да Технопарк аймағында Орлыкөл көшесінде орналасқан жатақханаға кірген кезде полицей түтіннің иісін сезген. Түтіннің жылдам тарап жатқанын байқап, тұрғындарды эвакуациялайды. Алдымен, бірінші қабат бойынша жүгіріп, тұрғындарды ақпараттандырады.Кейін екінші қабаттан тұрғындарды шығара бастайды. Осы кезде қара түтін барлық ғимаратты алып кетеді. Қуанышқа орай, Ерланның лезде әрекет етуінің нәтижесінде ешкім жапа шекпеді, 7 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала мен қарт адам бар.  

 Ол осы сынды жағдайлар жұмыс барысында көптеп кездесетінін жеткізді.

Е.Жанабаев тағы бір есте қалған оқиғаны айтып берді.

«9 ақпанда учаскелік полицей Дүкенұлы көшесіндегі жатақхананың тірек пунктінде болған.  Қызметтік ғимаратқа бір келіншек жүгіріп келіп, екі кішкентай қызы үйде қамалып қалғанын айтты. Үйдің терезесі ашық қалған екен, екінші қызы бір жаста ғана, анасы жан ұшырып балалары терезеден құлап кете ме деп қорқып көмек сұрауға келген. ТЖҚ келгенше, балалар құлап кетпесін деп өзіміз іске кірістік. Сарбаздардың көмегімен сақтандыру арқылы төртінші қабаттан түсіп, жабық ғимаратқа кіріп, балаларды алдық», - деді ол.

 Сонымен қатар, Е.Жанабаев өзінің ісін жақсы көретінін айтты, себебі адамдарға көмектесу- жақсы іс.

ерл.jpg

 «Жұмысыма дағдыланып қалғам. 5 баланың әкесімін. 3 ұл, екі қызым бар. Отбасыма да, қызметіме де көңіл бөлуге тырысамын. Балалардың сабағын қарауға көмектесіп тұрамын. Әрбір жұмыстың өзінің жеңілдіктері мен күрделілігі болады. Ішкі істер саласында да солай», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш 

 

 

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100