- Басты
- Жаңалықтар
- Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимылдар туралы баян етті. Оның мәліметінше, жәбірленушілерге өтемақы беру қоры 8 айда 93,7 млн теңге төлеген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, 2014 жылы ҚР-ның жаңа Қылмыстық-процестік кодексі қабылданғаннан бастап оның 173-бабын іске асыру үшін Қаржы министрлігі ІІМ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңын әзірлеген. Ол 2020 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылуда.Сондай-ақ, кінәлі адамдар ұсталғанға және соттың істі қарағанға дейін қылмыстық құқық бұзушылықтардан зиян шеккен жәбірленушілерге өтемақы төлеуді.) көздейтін заң республикамызда алғаш рет әзірленген.
«Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілердің белгілі бір шеңберіне біржолғы материалдық көмек төлеудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды», - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.
Оның мәлімдеуінше, аталған заң енгізілгенге дейін жәбірленушіге келтірілген залалдың орны үкім заңды күшіне енген соң соттың шешімі бойынша ғана толтырылатын болған. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы залалдың орнын толтырудың қолданыстағы жалпы жүйесін өзгертпей, жәбірленушілерге алғашқы біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жағдай жасайды.
«Бұл үшін Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде заңды тұлға болып табылмайтын, қолма-қол ақшаның бақылау шоты болып табылатын арнайы қор құрылды», - деді Санжар Әділов.
Сондай-ақ, қор мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды, оны толтырудың бес көзі бар. Атап айтқанда:
- Сот қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;
- Анықтама ретінде:
- теріс қылықтар үшін 5 АЕК (14 585 теңге);
- онша ауыр емес қылмыстар үшін 10 АЕК (29 170 теңге);
- ауырлығы орташа қылмыстар үшін 15 АЕК (43775 теңге);
- ауыр қылмыстар үшін 20 АЕК (58340 теңге);
- аса ауыр қылмыстар үшін – 30 АЕК (87510 теңге).
2) процестік міндеттерді орындамағаны үшін сот салатын ақшалай өндіріп алулар;
3) түзеу жұмыстарынан өндіріп алулар;
4) регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер («Қайырымдылық туралы» Заңына сәйкес спонсорлық, қайырымдылық және филантропиялық қызмет).
Жәбірленушілердің үш санаты
Санжар Әділовтің айтуынша, заңда өтемақы көзделетін ҚК-нің 46 бабы бойынша жәбірленушілердің үш санатын көздейді.
Бірінші санат – сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдар. Өтемақының мөлшері – шамамен 90000 теңге.
Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар. Өтемақының мөлшері – шамамен 120000 теңге.
Үшінші санат – жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар. Өтемақының мөлшері – шамамен 150000 теңге.
Сонымен қатар, ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары төлемдердің тізбесін жүргізетінін және төлемдерді жүргізетін Қазынашылыққа ай сайын ұсынатынын атап өтті.
«Егер цифрларға келетін болсақ, 2020 жыл ішінде (екінші жарты жылдықта) 262 жәбірленуші өтемақы алған, оларға жалпы сомасы 22 640 000 теңге өтемақы төленді, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде», - деді Санжар Әділов.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл
Оның дерегінше, 2021 жылғы 8 айда 720 жәбірленушіге өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық өтемқы төленген. Нақтырақ айтқанда, жалпы сомасы 93 723 000 теңгені құраған. Сондай-ақ, ол азық-түлік себетіне бағалардың айтарлықтай өсуін, жалпы халық өмірінің қымбаттауын ескере отырып, ІІМ жәбірленушілерге өтемақының мөлшерін арттыру туралы ұсынысты Қаржы министрлігіне жолдағанын айтып өтті.
«Көрсетілген институт жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіруге елеулі әсер етеді деп айтуға болады. Бүгін мен Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде еліміздегі адам саудасы саласындағы қылмыстылықтың жай-күйі мен оған қарсы іс-қимыл тұрғысында қабылданатын шаралар туралы баяндайтын боламын», - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.
Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы соңғы жылдары елемізде және бүкіл дүние жүзінде адам саудасымен байланысты жағдайға жыл сайын назар аударатынын атап өтті. Өйткені, заңсыз байып кетудің көрсетілген заңсыз түрі азаматтарға физикалық зиян келтіріп және олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзатынын жеткізді.
Тергеу департаментінің басшысы Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмасын іске асырудың нәтижесінде 2021 жылы Қазақстан көрсетілген мәселе бойынша өз қалпын жақсартқанын атап өтті.
«Шекараның ашық болуына, көші-қон ағынының күшеюіне және экономиканың дамуына байланысты қылмыстың осы түрінің мемлекетаралық және трансұлттық сипат алуы жиіленуде.Осыған байланысты адам саудасына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында», - деді ол.
Оның мәлімдеуінше, ағымдағы жылғы 9 айда ІІО-ның өндірісінде көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша 200 қылмыстық іс болған. Оның 40%-ы сотқа жолданған. Сондай-ақ, 26 адамға қатысты әртүрлі жазаны тағайындай отырып, айыптау үкімдері шығарылған.
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу
Қазіргі таңда адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында көрінетін нәтижелер адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі Үкіметтік жоспарлар шеңберінде жүргізілетін барлық мүдделі мемлекеттік органдар жұмысының қорытындысы болып табылады 2004 жылдан бастап осындай 6 жоспар қабылданған.
«Ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап біз уақыт талабы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленген 7-ші Жоспарды жүзеге асыруды бастадық», - деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, 2003 жылдан бастап елімізде адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар үшін диалог алаңы болып табылады. Сондай-ақ, ол біріктірілген және тиімді тәсіл үшін Комиссияның жұмыс органдары 2 мемлекеттік органды- қылмыстарды ашуға және тергеуге жауапты Ішкі істер министрлігін және зардап шеккендерді оңалтуға уәкілетті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін анықтағанны атап өтті. Бұлкомиссиялар еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді.
«Елде адам саудасымен күресуге бағытталған жеткілікті заңнамалық база қалыптасты, ол үнемі жетілдіріліп отырады. Соңғы өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енді», - деді ол.
Адам саудасы фактілері
Оның айтуынша, тараптардың адам саудасы фактілері бойынша татуласу мүмкіндігін болдырмауды, сондай-ақ ағзаларды сату, кәмелетке толмағандардың жезөкшелікпен айналысуға қатыстыру үшін жазаны қатаңдатуды қарастырады. Қазіргі таңда бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, мүлкі тәркілеумен, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру максималды жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы адам саудасы құрбандарының импорты, экспорты мен транзиті елі болып табылатынын ескере отырып, заңнамада өздеріне қатысты ауыр қылмыс жасалған шетелдіктердің қылмыстық іс бойынша шешім қабылданғанға дейін Қазақстанда болу мерзімдерін сотқа дейін ұзарту қарастырылғанын айтып өтті. Оның айтуынша, бұл адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
«Бұл еңбекке немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Барлық зардап шеккендерге қорғау мен көмек көрсету «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеу қоры туралы» Заңдар шеңберінде жүзеге асырылады», - деді Санжар Әділов.
Оның дерегінше, соңғы үш жылда жыл сайын адам саудасының 90-ға дейін құрбаны анықталады, оның ішінде 20 - ға дейін – еңбекті қанаудың құрбандары болған . Бұл ретте Катар, Индонезия, Бахрейн, Әмірліктер, Түркия мен Оңтүстік Кореяға пайдалану мақсатында біздің азаматтардың экспортына арналған сегіз арна, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан екі импорт жойылған.
Кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасы
«Мәселен, биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар соңғы бес жыл Бахрейндегі жыныстық қанау үшін, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасымен айналысқан. Зардап шеккендердің жалпы саны 39 азаматты құрады», - деді Санжар Әділов.
Сондай-ақ, ол жаңа туған балаларды басқа адамдарға беруге байланысты кез-келген операциялардың заңсыздығына азаматтардың назарын аударғым келеді. Оның сһзінше, ағымдағы жылдың шілдесінде Шымкент соты өзара келісіп, кейіннен жаңа туған нәрестені беру туралы мәмілені заңсыз орындаған екі ерлі-зайыптыларға қатысты айыптау үкімін шығарғанын атап өтіп, бала туған кезде босанатын әйел туу туралы куәлігінде «жұбайы» бағанында көрсетілген - биологиялық әкесінің емес, сатып алушының деректері көрсетілгенін жеткізді.
«Бұл іс бойынша барлық адамдар әр түрлі жазаға тартылды.Болашақта ұқсас және басқа да фактілердің алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірқатар ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қабылдады», - деп түйіндеді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

