• Басты
  • «ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
19 Қараша, 2020 17:23

«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Бүгін «ADAL» саяси партиясының VII съезі өтті. Съезде таныстырылған ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімі мен «Адал» партиясының сайлауалды бағдарламасын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Шара барысында сайлауалды бағдарламаның жобасы мен партияның интерактивті сайты жарияланды, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді.

Adal» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қожамқұловтың айтуынша, тізімді құру кезінде «адалдықтар» өңірлік, гендерлік және басқа да тепе-теңдікті сақтауға басты назар қойған. Сөйтіп, партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер 20 азаматтың есімі анықталды. Олар:

1. Серік Сұлтанғали - «Adal» партиясының төрағасы;

2. Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;

3. Ардақ Назаров - белгілі спортшы, қоғам белсендісі;

4. Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;

5. Алмасбек Садырбаев - «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;

6. Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі;

7. Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;

8. Жигули Дайрабаев - «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»;

9. Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері;

10. Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;

11. Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы;

12. Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;

13. Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;

14. Халиола Акдрашев – кәсіпкер;

15. Ляззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы;

16. Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;

17. Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;

18. Тимур Әбдікәрімов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;

19. Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер;

20. Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.

 Съезд барысында партия өкілдері саяси кеңес пен өңір делегаттары бекіткен сайлауалды бағдарламаның жобасымен таныстырды.

 Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады: халықтың өмір сапасын көтеру, кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру, өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі, өмірге қолайлы мемлекет.

«ADAL» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары да таныстырылды. Адалдықтар басым бағытты барлық азамат үшін қолайлы өмір деп алыпты. «Адал» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалидің айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қайта қарауға қол жеткізу қажет. Ол ЭЫДҰ елдерінде қабылданғандай, орташа жалақының кемінде 40 %-ын (140 мың теңге) немесе 60 мың теңгені құрауы тиіс деп есептейді. Сонымен қатар партия мүшелері ең төменгі күнкөріс деңгейін 60 мың теңгеге дейін ұлғайту және ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін арттыруды ұсынды. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтып, зейнетақы жарналарын төлеуге еркіндік беруді де бағдарламаға қосқан.

Бағдарламада педагогтарға ел бойынша орташа есеппен 200 мың теңге жалақы белгілеу, мектептегі білім беру бағдарламаларын қайта қарау. Қашықтықтан оқыту мен білім беру онлайн-платформаларын дамыту туралы да айтылды. Оған қоса толық тегін медициналық көмекке оралу, медицина қызметкерінің мәртебесі туралы жеке заң жобасын қабылдау, ауыл тұрғындары үшін медицинаның қолжетімділігін арттыру, отандық фарминдустрияны дамыту туралы айтты.

Съезд жұмысының екінші бөлімінде «Adal» партиясының жаңартылған сайты таныстырылды.

 Adalpartiyasy.kz тек өзекті ақпараттарды жарияламайды, тіркелген пайдаланушыларға мемлекетті басқаруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Осы міндеттер үшін «ADAL» партиясы 5 сервиспен таныстырды. Олар:

«Сіздің аймағыңыздың мәселелері». Өңірдің ең өзекті мәселелерін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір жергілікті тұрғын осы немесе басқа мәселенің өзектілігі үшін дауыс бере алады немесе сайтта әлі айтылмаған нәрсе туралы жаза алады. Алдағы уақытта барлық өтініштер партияның өңірлік өкіліне тікелей жіберілетін болады.

«Жұмыс іздеу». Сауалнаманы толтырғаннан кейін пайдаланушыға оның ерекшелігі бойынша жұмыс ұсынылады. Егер қолайлы жұмыс табылмаса, партияның аймақтық өкілі бұл адамды жұмыспен қамту органдарына тапсырады. Сондай-ақ, партия жұмыссыз ретінде тіркелу және жәрдемақы алу тұрғысынан көмек көрсете алады.

«Сіздің аймағыңызға арналған бизнес-идеялар». Партия сарапшылары өңірлердің қажеттіліктерін талдап, ҚР әр өңірінің бизнесі үшін тауашалар тізімін жинады. Өз бизнесін ашқысы келетін пайдаланушылар негізгі бизнес-жоспарды дереу тегін жүктей алады, оны партияның аймақтық өкілдерінің көмегімен аяқтауға болады.

«Әлеуметтік лифтілер». Бұл қызмет аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жасалған. Мұнда пайдаланушылар партия өкілдерінен балаларына арналған оқу орнын таңдауды сұрауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мұнда қажетті көмек сұрауға болады: жатақханадағы орын, тегін оқу мүмкіндігі және т.б. аймақтық өкіл бұл мәселе туралы бірден біліп, оны шешуге көмектеседі.

«Bagdar.kz». бұл қызмет ата-аналарға баласына болашақ проффесияны таңдауға көмектеседі. Бұдан басқа, сервисте 694 мамандық бойынша ақпарат, кәсіптің егжей-тегжейлі сипаттамасы, жұмыс ерекшеліктері және т. б. бар 500 профессиограмма ұсынылған.

Естеріңізде болса, «Адал» партиясы 2013 жылы «Бірлік» партиясы болып құрылған. Ресми тіркелген Қазақстандағы 6 партияның біреуі.

Мемлекет басышысының Жарлығымен 2021 жылы 10 қаңтарда ҚР Мәжілісіне депуттарды сайлау болады. 30 қарашаға дейін саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялауы тиіс. Ал мәслихатқа үміткер ұсыну кезеңі 4 желтоқсанға дейін жалғаспақ.


Барлық жаңалықтар
178.89.168.239, 192.168.88.100