• Басты
  • Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды-Президент
9 Қаңтар, 2020 10:04

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды-Президент

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды , делінген Президент Қ.Тоқаевтың   «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды-Президент

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес.Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған», - деді Қ.Тоқаев.

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Барлық жаңалықтар
35.153.39.7, 192.168.88.100