• Басты
  • Абай шығармаларына екі ғасырға жуық уақыт өтсе де өзекті – Б.Шевченко
30 Сәуір, 2020 15:41

Абай шығармаларына екі ғасырға жуық уақыт өтсе де өзекті – Б.Шевченко

Биыл Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл. Аталған мерейлі мерекені мерекелеу Қазақстанның барша өңірінде жүзеге асырылады. Өткен жылы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Богдан Шевченко Абай шығармаларының байқауына бірнеше мәрте қатысқан еді. Ұлы ақынның шығармаларына әуестік қайдан пайда болғаны жайында ол Strategy2050.kz тілшісіне айтып берді.
Абай шығармаларына екі ғасырға жуық уақыт өтсе де өзекті – Б.Шевченко
«Мен мұнайлы астана Атырауда дүниеге келдім. Қазір Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыкалық колледжінің студентімін. «Академиялық вокал» бойынша машықтанып жатырмын. Опера әншісі болғым келеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол ҚХА-ға мүше болғанына бір жылдан астам уақыт өткенін жеткізді.

«Мен ҚХА-ға бір жыл бұрын украина этномәдени бірлестігінен келдім. Ол ұйымда қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысқан едім. Әртүрлі шараларға да жиі қатысатынмын. Көп ұзамай ол орталықтан кеттім. Өткен жылдың маусым айында мені «Жаңғыру жолының» атыраулық штабына шақырды. Осы жерден менің қоғамдық өмірімнің жаңа парағы басталды. Қозғалыс ауқымды жұмыстарды атқарып, қаланың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысуды ұстанады», - деді ол.

Сондай-ақ, Б.Шевченко Абайдың 175 жылдығына орай Елбасының алдында «Көзімнің қарасы» әнін орындағанын еске алды.

«Абай мен үшін адамдарды бағыттайтын ұлы ойшыл, дана тұлға. Екі ғасыр өтсе де, оның шығармалары өзектілігін жоғалтпады. Былтыр мен елордаға екі мәрте Мәдениет және спорт министрлігінің шақыртуымен бардым. Бірінші концерт Тәуелсіздік күніне арналған еді. Бұл менің үлкен сахнаға шығуымның алғашқы тәжірибесі болды. Біз ол кезде Абайдың өлеңдері мен «Көзімнің қарасы» әнін орындадық. Сол кездегі команданың жұмысын ерекше атап өткен жөн. ҚХА бізді елдің түкпір түкпірінен жинады. Жақсы достасып кеттік, әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз», - деді ол.

Б.Шевченконың айтуынша, екінші рет елордаға келгенде Ә.Дінішев, Р.Рымбаева, Д.Құдайберген сынды әншілермен бір сахнада өнер көрсеткен.

«Біздің қойылым Ұлы Абайдың туындыларына арналды. Сол жолы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумына қатыстым», - деді ол.

Оның айтуынша, өмірінің ең үлкен жетістігінің бірі - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын алу.

«Ол марапатты қоғамдық істерге белсенді араласқаным үшін алған болатынмын. Сонымен қатар, музыка жолын зертеу де мен үшін үлкен мәртебе. Адам күнделікті түрде дамып отыруы керек. Қазір мен тілдерге ерекше мән беріп жүрмін», - деді ол.

Ол биылғы жылдың жоспарларына да тоқтап өтті.

«Биыл мерейтойларға қатысты бірқатар шаралардың өтуі жоспарланған. Оның ішінде Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен ҚХА құрылуының 25 жылдығы да бар», - деді Б.Шевченко.

Ол айтып өткендей, бос уақытында Абайдың қара сөздерін оқиды.

« Абайдың қара сөздері көп нәрсе бойынша ойландырды. Ұлы ойшыл «қара сөздерін» қазірдің өзінде жастар бағыты мен өзге салаларда қолдануға болады. Абайдың әндері де шабыт сыйлайды», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды