• Басты
  • Абай –рухани күш – Н.Айтұлы
9 Қаңтар, 2020 14:43

Абай –рухани күш – Н.Айтұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мақаласы – ұлттық санамызға төңкеріс жасаған және бізді айқын да жарқын жолдарға бастайтын үлкен шығарма деп білемін, деді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Президенттің "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы туралы.
Абай –рухани күш – Н.Айтұлы
«Бұл жәй ғана мақала емес, бұл біздің ұлттық программамыздың алтын діңгегі деуге болады. Абай кеше де, бүгін де, ертең де, қазақ халқының рухани әлемінің, қазақ тұрмысының, ел болашағының алтын қазығы және жарық жұлдызы. Біз Абай сілтеген бағыттан, Абай көрсеткен ұлы жолдан, Абай көрсеткен адамгершілік, ұлттық нысанадан ауытқумауымыз керек. Біз қайда барсақ та, қандай қиын кезеңдерде де, санамызды тұман, көңілімізді кір шалса да, Абай содан бізді тазартатын, бізді құтқаратын құдыретті күш. Абай – рухани күш!» - дейді ақын.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы атап көрсеткен торқалы тойдан тағылым алар ұсыныстардың өте орынды екенін алға тартты.

«Президент "Абай әлемі" деген сарай салып, елордада орталығын ашу, "Абай" журналын жандандыру керек деп нақты мәселелерді айтты. Біз топырлаған той емес, Абайдың 175 жылдығын терең оймен өткізуіміз керек. Абайдың қағидаларын көңілге тоқығанда ғана ел басқаруға болады. Әйтпесе, көп нәрседен ұтылуымыз мүмкін. Бұл – өте кемел мақала. Сондықтан да бұл мақаланы әсіресе билік басында отырған азаматтар, ауыл әкімдері Абайды құрандай жаттау керек. Жаттап қана қоймай, оны көкірегіне қондырып, ойына сол сәулені түсіру керек», - деді ол.

Н.Айтұлы айтқандай, Президенттің бұл мақаласы әр қазақты ойлануға шақырады.

«Ойланатын кез келді. Абайдың әр сөзін талдап, жіктеп, бойға сіңіргенде ғана нағыз азамат боламыз деген мәселені алға қойып отыр. Бұған дейін талай мақалаларды оқып жүрмін, бұл мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлының тереңдігі көрініп тұр. Ұлы тойдың алдында осындай ұлы мақаланы халыққа жеткізгені үшін Президенке ризашылығымызды білдіреміз - дейді ақын.

   Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды