• Басты
  • Абай әндерінің образын ашу үшін бірде-бір әртісті таныстырмадық – А.Маемиров
22 Қаңтар, 2020 12:06

Абай әндерінің образын ашу үшін бірде-бір әртісті таныстырмадық – А.Маемиров

Қоюшы-режиссер Асхат Маемиров Абайдың 175 жылдығын ашу салтанатында өткен концертте Абайдың барлық әндері мен туындыларын қою мүмкін емес екенін айтты. Алайда, 1 сағат 10 минуттық қойылымға Абай тұлғасын сыйдыруға тырысқандарын жеткізді,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Абай әндерінің образын ашу үшін бірде-бір әртісті таныстырмадық – А.Маемиров

« Ол барлық адамзатты біріктіргісі келді. Біз оның тұлғасын ақын, сазгер, данышпан, ойшыл, философ, өз халқын сүйетін адам ретінде ашқымыз келді. Біз Абайдың әртүрлі жасын бейнеледік. Тоғжанмен кездесетін жас Абай, ойшыл Абай. Әндерінің образын ашу үшін бірде-бір Халық әртісін таныстырмадық. Себебі, олар Абайдың әлемін барша шығармашылығымен жеткізуге тырысты. Саханада Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 1500-ге жуық балалар мен үлкендер ұжымдары, әртістер өнер көрсетті. Бір ай бойы дайындалдық. 160-тан астам өлең, 45 қара сөз, әндері мен күйлерін жеткізу мүмкін емес.Біз оны барынша қысқартып, театр тілімен жеткізуге тырыстық», - деді ол.

Сондай-ақ,  ол  шараға қатысу үшін 30-ға жуық режиссер мен хореограф бiр ай бойы ұйқысыз түндер өткізгенін айтты.

«Абайда 160-қа жуық өлең бар, 70-ке жуық аударма өлеңдері, поэмалары және әндері бар. Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абайдың ақылын алса, айтқанын iстесе, қазақ қана емес, адамзат адаспайтын Темiрқазығын табады. Осы мерейтой аясында Абай биыл араб, жапон, испан, қытай, немiс, француз тiлдерiнде сөйлейдi. Осылайша Абайды әлем таниды. Демек қазақты да тани түседі. Бүгiн басталған торқалы тойдың өзегі де, өзгешелігі де осы: тойлату емес, ойланту. Сөйтiп Абайдың алып әлемiн мойындату», - деді ол.


Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды