- Басты
- Абай әлемі - ақылдың кені
Абай әлемі - ақылдың кені
Абай әлемі - ақылдың кені! «Астана» арнасы осындай ұранмен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бірінші болып бастап кетті. Осылайша, арна ұжымы Ұлы ақынның шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге ат салыспақ. Себебі, өзі өлсе де, артында өлмейтұғын із қалдырған ақын шығармашылығы халық жүрегінен еш өшпек емес. Сондықтан "Астана" арнасы Ұлттық патриотизм идеясы аясында ұлттық идеологияны дәріптейтін арна ретінде жаңа жобаларды қолға алады.
Телеарна 11 қарашадан бастап жаңа форматты іске қосты. Бүгіннен бастап арнаның стилистикасы өзгерді. Медиа нарықтағы трэндке сай арна логотипі мейлінше қарапайым әрі тартымды үлгіге ауыстырылды. Жаңа маусымда арнадағы әр бағдарламаның роликтері хәкім Абайдың шығармашылығымен ұштасып, көрермен назарына ұсынылады. Мәселен, «ASTANA TIMES» атауымен жаңа форматта жаңалық тарататын ақпарат қызметінің жұмысы ұлы ақынның «Сегіз аяқ» өлеңімен астарлас. Қоғамда болып жатқанын әр оқиғаны біздің арна тілшілері дерек пен дәйекке сүйеніп жеткізеді.
Енді қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтар шығарылымы шырайын түрлендіріп, бір уақытта шығады. "Астана" арнасы халықтық арна ретінде ұстанымдарын өзгертеді. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында тікелей эфирде тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын іздейміз. Кез-келген уақытта мәселеңізді айтып, редакцияға хабарласуға мүмкіндік бар. Біздің тілшілер түйіткілдің түйінін тарқату үшін шенеуніктерге тікелей телефон шалады.
Бұдан бөлек, «мобильді репортер» айдары ашылады. Қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, таспаны «АСТАНА» арнасының “WhatsApp” немесе әлеуметтік желідегі парақшасына жолдаңыз. Сондай-ақ, жаңа маусымда «САЯСИ РИНГ» ток-шоуының алаңы жаңарып, келелі келіссөздердің көкжиегі кеңейеді. Сарапшылар қоғамда қызу талқыға түскен саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарды таразылайды. «АСТАНА АПТАСЫ» әр сенбі, жексенбінің кешінде аптаның айшықты оқиғаларын саралайды.
Сын мен шын «Астана» арнасында. Бұдан бөлек, көңілді бағдарламалардың көкжиегі кеңейеді. Әйгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «ҚЫЗЫҚ БОЛҒАН» шоуына өнер адамдарын шақырып, әзілдің әлеміне саяхат жасайды. Телеарна алдағы уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созбақ. Осы мақсатта 1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай қайырымдылық концерті өтеді. Шарадан түскен қаржы мұқтаж жандардың қажетіне жұмсалады. "Жыл таңдауы-2019" ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесін енді "Астана" арнасы көрсетеді. Еліміздің жарқын жұлдыздарын бір сахнада тоғыстыратын шара "Алматы Арена" спорт кешенінде 1 желтоқсан күні өтеді. Сонымен қатар көрерменнің сұрауы бойынша отандық телехикаялардың жаңа желісін ұсына отырып, талабы биік, талғамы зор көрермен назарына аты әлемге мәшһүр «WARNER BROS.PICTURES» кинокомпаниясы мен Кеңес киносының алтын қорына енген кино туындылар мен түріктің үздік үштігіне енген телесериалдар жол тартады.
-
Бурабайда "Ақбура" атты швейцар стиліндегі қалашық салынуда
Бүгінде "Қазақстанның Швейцариясы" атанған Бурабай аймағының туризм әлеуетін арттыру үшін түрлі жобалар қолға алынуда. Соның бірі ретінде швейцарлық капиталдың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан "Ақбура" атты швейцар стиліндегі қалашықты атап өтуге болады. Аталған жоба туралы елордада өткен Қазақстан-Швейцария дөңгелек үстеліне қатысқан "Swiss Hospitality Holding" компаниясының атқарушы директоры Хавьер Рей айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 11:32
-
Е.Бекхожин: Ержан Максим Қазақстанның ғана емес, барлық түркі әлемінің намысын қорғайды
Биыл Қазақстан Польшаның Гливице қаласында өтетін халықаралық "Junior Eurovison Song Contest" ән байқауына екінші рет қатысады. 24 қарашада аталған ән додасында еліміздің ғана емес, барлық түркі әлемінің атынан жас әнші Ержан Максим өнер көрсетеді. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
15 Қараша 2019, 15:49
-
Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетінде Абай орталығына барды, сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті.
15 Қараша 2019, 10:12
-
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды
27 Тамыз 2019, 08:59
-
Мемлекеттің және кез-келген компанияның ең басты байлығы адам екенін ұмытпаңыздар- Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
04 Маусым 2019, 16:38
-
Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымаз бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады.
30 Сәуір 2019, 09:20
-
Рухани жаңғыру: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толды. Бұл мақала қоғамда үлкен сілкініс туғызып, ел руханиятына оң серпін берді. Осы екі жыл ішінде Түркістан облысында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асырылды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
12 Сәуір 2019, 16:46
-
Тұңғыш Президент күні: Мерекенің халықаралық маңызы
Әлемдік саясаткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, салиқалы саясатының арқасында жаңа Қазақстанның, жаңа экономиканың, жаңа қоғамның іргесі қаланды. Дәл осылай Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық конференциясының жұмысын ашты. Жиынға Әзербайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті өкілдері, сондай-ақ, Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа елдердің сарапшылары мен халықаралық ұйым мүшелері қатысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
26 Қараша 2018, 14:51
-
Түркістан – түркі халықтарының киелі мекені – Н.Назарбаев
Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11 Қыркүйек 2018, 18:26
-
Н.Назарбаев «Түркі әлемінің киелі жерлері» арнайы жобаларын әзірлеуді ұсынды
Қазақстан Президенті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
03 Қыркүйек 2018, 13:17
-
Елбасы мұсылман әлемін Құрбан айт мерекесімен құттықтады
«Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық. Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады. Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі. Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін! Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!» делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ал Құрбан айттың алғашқы күні Елбасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды.
22 Тамыз 2018, 09:27
-
Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдың туристік нысандарын аралады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына сапары аясында «Визит-Центр» орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11 Шілде 2018, 16:11
-
АХҚО дүниежүзілік қаржы әлемінің ең перспективалы даму бағытындағы қызметтерді көрсететін болады – Б.Сағынтаев
АХҚО жаңа буынның қаржы орталығы ретінде құрылуда. Бұл туралы «AstanaFinanceDay» форумының пленарлық сессиясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Күні ертең ерекше оқиға - болашақ қаржы нарықтарына серпін беруге бағытталған, тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі ұлттық мегажоба - Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесері өтеді. Толығырақ келесі материалда.
04 Шілде 2018, 11:06
-
Г.Әбдіқалықова: «Ұлы Дала» – бүкіл түркі әлемінің басын біріктіретін мазмұны терең, аясы кең киелі ұғым
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық III «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
18 Маусым 2018, 13:26
-
Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік - Н. Назарбаев
Қазақстан Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28 Ақпан 2018, 19:20
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды