• Басты
  • Абай ешқашан өлмейді – абайтанушы
9 Қаңтар, 2020 12:03

Абай ешқашан өлмейді – абайтанушы

Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты белгілі ақын, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы өз ойын ортаға салды.



Абай ешқашан өлмейді – абайтанушы

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай туралы әрбір пікірін қадағалап оқып шыққан.

«Мен қаншама жылдар бойы осылай болса деген ойыммен жүр едім. Тура осы ойымды оқығандай-ақ барлығы Президенттің аузынан шыққанына мен керемет қуандым. Мен жылдар бойы осы сұрақтарға жауап таба алмай жүрген едім. Әр ұлттың биік тұлғасы болады ғой. Сол тұлға арқылы ұлтты таныту деген қай заманда да бар дүние. Бірақ біз өзіміздің құндылығымызды уақытында бағалай білмейтін елдің қатарындамыз ғой. Абай туралы аудармаларға қатты назар аудару, Абайды әлемдік деңгейде таныта отырып, қазақ ұлтын таныту, Абай туралы орталықтарды көбейту деген бұл менің қаншама уақыттан бері айтып келе жатқан дүнием еді»,- деді Алмахан Мұхаметқалиқызы.

Оның айтуынша, Абай жасқа бөлінбейтін, ұлтқа бөлінбейтін, ескірмейтін, өзінің құндылығын ешқашан жоймайтын, алмас сияқты жан-жақтан жарқырап көрінетін, ұлттың қай саласынан болса да зерттеуге лайық қазақтың ең биігі.

«Сондықтан да оны танып, Абайдың құндылығын біліп, Абайды осындай деңгейге көтеріп, Абай туралы жан-жақты пікірін білдіріп, тереңнен талдап жазғанына мен шын риза болып отырмын. Шынында да Абай ешқашан өлмейді. Қазір "абайтанушылар азайып барады" деген алаңдаушылығымызға жауап беріпті. Сондықтан да Абай жаңа қырынан жарқырап көрініп, басқаша, осы күнге дейінгі көп сұрақтарымызға жауап табатын уақыт келгенін байқатты. Керемет. Сол тілегімізге жеткізсін», - дейді абайтанушы.

Сонымен қатар, ол Абайдың алаш арыстарымен де үндес екенін айтты.

«Мұхтардың да айтып кеткені, Міржақыптың да айтқаны осы. Әлихан Бөкейхановтың да айтатыны осы. Ең бірінші Абайды әлемге танытқан Әлихан Бөкейхан. Абай өз дәуірінде де өз деңгейінде таныла алған жоқ. Ол енді – табиғаттың заңы. Одан кейін Совет үкіметі кезінде дәуірге қарай бұрмаладық. Шығармаларының көбі Кеңес дәуірінің сөзін сөйлеп кетті. Енді, біз тәуелсіз елдің, Тәуелсіз Қазақстанның Абайын жасап шығару үшін бізге Тоқаев сияқты өте жан-жақты ойлайтын Президенттің аузынан шыққан осындай үлкен мақаланың бастау болуы қажет. Және менің бір қуанып отырғаным, о баста елдің басына келгенде ұлттың бойтұмарына, биік шыңына айналған Абай еліне барып, Абайдан бастағаны мені қуантқан еді» - дейді абайтанушы.

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды