• Басты
  • А.Жолдыбалина: Қазақстан кәсіпкерлік салаға көмектесіп отырған елдердің ішінде алдыңғы қатарда

А.Жолдыбалина: Қазақстан кәсіпкерлік салаға көмектесіп отырған елдердің ішінде алдыңғы қатарда

27 Сәуір, 2020 15:37

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты үндеу жариялап, карантин уақытының 11-мамырға дейін ұзартылатынын айтты. Осы орайда сарапшылар мен саясаттанушылар мемлекет басшысының бұл шешімін қолдап, қазіргі кезеңде халық үшін ең тиімдісі осы деп баға беруде. Соның бірі - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина. Ол өз сөзінде үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаул шараларына тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Алуа Жолдыбалинаның сөзінше, карантин ұзартылған соң, әлеуметтік көмектер де тоқтап қалмайды, жалғасын табады.

"Президент мәлімдемесінде төтенше жағдайдың 11-мамырға дейін созылатынын атап өтті. Бұл ең басты қадамдардың бірі. Себебі бізде қазір коронавирус індетіне шалдыққан азаматтардың саны әлі де болса азаймай тұр. Президент те әлеуметтік әлсіз топтарға көмек берілетінін баса айтты. Бұл дегеніміз білім беру саласындағы да,денсаулық сақтау саласындағы да қолға алынған шаралар жалғасады деген сөз. Яғни, дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілді, демек, бұдан әрі де жалғасын табады", - деді ол.


Сонымен қатар ол мемлекет басшысы айтқан дағдарыстан кейінгі кезеңге бас назар аудару керек дегенді еске салды. Оның айтуынша, халық осы алған сабақтардан қорытынды шығару керек. 

"Президент дағдарыстан кейіні кезеңге еереше наза аударды. Біз бұл кезеңнен кейін қалай өмір сүреміз деген сауалдарға жауап берді. Біз қай салада болмасын, бізге берілген мүмкіндіктерді жоғалтып алмауымыз қажет. Алған сабақтарымыздан қорытынды шығарып, бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануға ат салуымыз керек", - деді Алуа Жолдыбалина.


Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерінің сөзіне сенсек, Қазақстан бизнес саласына көмектесіп отырған елдердің ішінде алдыңғы қатарда. 

"Біздің мемлекет бизнес саласына көмектесіп отырған елдердің ішінде алдыңғы қатарда. Мәселен, салық төлеуден босату секілді шараларды атап өтуге болады. Бұл шын мәнісінде үлкен қолдау. Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі көп,  жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Қолдау бұнымен тоқтап қалмайды. 11-мамырдан кейін үкімет отырысымен қатар,  Ұлттық банк тарапынан да қолдау шаралары  жалғасады. Қазір бірқатар мемлекет жаңа бизнес модельдерін жасауда. Бұл біздің де бизнеске өгеріс өзгеріс әкеледі деп сенеміз", - деп түйіндеді мекеменің әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы.
Назерке Сүйіндік
Барлық жаңалықтар