• Басты
  • А.Жайылғанова меморган басшыларын жиналысты онлайн түрде өткізуге шақырды
18 Наурыз, 2020 12:25

А.Жайылғанова меморган басшыларын жиналысты онлайн түрде өткізуге шақырды

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай бірқатар компания, ұйым, мекеме қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мелекеттік орган қызметкерлеріне барынша абай болуды ескертіп, меморган басшыларын жиналысты онлайн түрде өткізуге шақырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Жайылғанова меморган басшыларын жиналысты онлайн түрде өткізуге шақырды

"Қазір ақпараттық технологиялар ғасырында біз жиналыс, конференцияларды Skype байланысы арқылы, сондай-ақ тұрлі мессенжерлерді пайдалану арқылы онлайн өткізуге мүмкіндігіміз бар. Сол себепті мен мемлекеттік органдардың басшыларын шақырамын бұдан былай жиналыстарды онлайн өткізуге шақырамын. Өйткені бұл қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек", - деді агенттік төрайымы.

Сондай-ақ Анар Жайылғанова өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу кезінде қалада қалып, тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеу керегін еске салды.

"Қашықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерден тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеу керегін айтқым келеді. Қызметтік міндеттерді орындау және режимді сақтау кезінде жүктелген жауапкершілікті түсіну керек. Уақытылы шаралар қолдану арқылы отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз", - деді ол.

Сонымен қатар агенттік төрайымы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар меке, ұйымдар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу керегін тағы бір еске салдды. 

"Икемді жұмыс уақыты не қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу қазіргі төтенше жағдайда өте маңызды болып отыр. Ел президенті атап өткендей, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру керек. Тек қоғамдық тәртіп пен қаіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар менжекеленген бұқаралық ақпарат құралдары ғана жұмысын жалғастырмақ. Бұл мемқызметкерлерге ұзақ каникул кезінде балаларын қапсіздікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді агенттік төрайымы.

Сонымен қоса ол Дүниежүзілік сақтау ұйымының коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бойынша ұсынымдарын қатаң ұстануға шақырды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды