• Басты
  • А.Жайылғанова: 1 орынға 24 үміткер бәсекелесті
15 Қаңтар, 2020 11:43

А.Жайылғанова: 1 орынға 24 үміткер бәсекелесті

Президенттік жастар кадрлық резерв мүшелерімен кездесу кезінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова резервтің қалыптасуы мен ерекшелігі туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Жайылғанова: 1 орынға 24 үміткер бәсекелесті

"Қазақстандық жастар резервін іріктеу елдің түкпір-түкпірінен адамдарды жмнады. Оған дәлел қатысушылардың саны болып отыр. 1 орынға 24 үміткер бақ сынады. Басынан бастап қатысушылардың білім сапасы өте жоғары болды. Іріктеу кезінде ашықтық пен қатысушыларға қолайлы жағдай тудыру үшін қазіргі заманға сай автоматтандырылған іріктеу үрдісі ұйымдастырылды. Үміткерлерге онлайн кеңес беру үрдіс бойы сүйемелдеп отырды. үрдіс кезінде барлық үміткерлер туралы ақпарат ашық болды",-деді А.Жайылғанова.

Сонымен қатар,ол әр кезең бойынша іріктелген азаматтардың тізімі қажетті платформаларда жарияланып отырғанын атап өтті.

"Іріктеу барынша ашық болуы үшін тәуелсіз бақылаушылар мен қоғам өкілдерін,мемлекеттік орган өкілдерін тарттық. Сондықтан да,іріктеу барынша әділ өткенін нық айта аламыз", - деді ол.

Сөз соңында А.Жайылғанова Президенттік жастар кадрлық резерві елдің саяси-әлеуметтік,экономикалық реформаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
18.213.192.104, 192.168.88.100