• Басты
  • А.Жұмағалиев: Жыл соңына дейін 900-ден астам ауыл мобильді интернетпен қамтылады
28 Сәуір, 2020 10:50

А.Жұмағалиев: Жыл соңына дейін 900-ден астам ауыл мобильді интернетпен қамтылады

2020 жылдың соңына дейін 926 ауылды мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспраланып отыр. Бұл туралы онлайн өткен үкімет отырысында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.

А.Жұмағалиев: Жыл соңына дейін 900-ден астам ауыл мобильді интернетпен қамтылады

Асқар Жұмағалиев өз сөзінде 2005 жылдардағы кезеңмен салыстырғанда, қазіргі таңда Қазақстанда интернетпен қамту жақсы жолға қойылғанын атап өтті. 

"Халқымызды қазіргі заманғы байланыс қызметімен қамтамасыз ету - бұл біздің саламыздың ең негізгі міндеті. 2005 жылы интернетті пайдаланушылар саны 100 тұрғынға небәрі 4 адамды, ал Интернет қызметінің орта бағасы 19900 теңгені (128 кб/с үшін ~150$) құраған. Бүгінде, елбасымыздың интернет жүйесін дамыту туралы тапсырмасын орындай отырып және жаңа технологияларды уақытында енгізу барысындағы оптимальды шешімдерді қабылдап, елімізді интернет қызметімен қамту бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізіп жатырмыз", - деді министр. 

Оның сөзінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, телекоммуникация қызметтерінің бағасы бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есе төмендеген.

"Қазақстандағы интернет қызметі үшін тарифтер ең арзан тарифтер қатарына жатады. Қазақстан Интернет қолданушылар саны бойынша алдыңғы орында отыр, мысалы Ресейде интернет қолданушылар -76%, АҚШ- 87,3%, Қытай - 61,2%, Украина – 62,5%, Қазақстанда - 84,2% құрайды. Бүгінде еліміздің 118 қалалары мен 4235 ауылдарында тұратын 18 млн тұрғын 3G және 4G мобильді байланыс желілерін қолдану мүмкіндігіне ие", - деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдан бастап мемлекеттік жекеменшік әріптестік механизмі бойынша, "Ауылдық елдімекендерді талшықты-оптикалық байланыс технологиясы арқылы интернетпен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаны іске асырылуда.

"Бұл жоба 2020 жылдың соңына дейін 1250 ауылды интернетпен қамтамасыз етуді қарастырады, бұл талшықты-оптикалық желінің ұзындығы 20 мың шақырымнан асады. Осы жылдың 20-сәуіріне дейін 637 ауылға Интернет желісі жеткізілген. Оның ішінде 2018 жылы - 56 ауыл, 2019 жылы – 257 ауыл, 2020 жылы-324 ауылға қосылған. Және 2020 жылдың соңына дейін 613 ауылды интернетке қосу қажет. Бұл инфрақұрылым мобильді байланыс операторларының желілерін дамытуға ықпал жасайды. Атап айтсақ, халық үшін үйдегі компьютер немесе смартфон арқылы интернетке негізінен 3G және 4G мобильді байланысы арқылы қосылған ыңғайлы", - деді ол.

Осыған байланысты, оның сөзіне сүйенсек, тұрғын саны 250 және одан жоғары болып келетін ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында байланыс операторларымен бірге Жоспар-кестені бекітілген. 

"Бұл жобада 2020 жылдың соңына дейін 600 мың адам тұратын 928 ауылды мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Шамамен айтқанда 384 ауылда ұялы байланыс инфрақұрылымы жоқ, яғни антенна-мачталық құрылғы орнату, оған электр энергиясын жеткізу қажет болады. Операторлар осы мәселе бойынша қиындықтар туындайтынын хабарлап отыр", - деді министр.

Осы орайда Асқар Жұмағалиев антенналық-мачталық құрылыстарды орнатуды және оларға электр энергиясын тарту жұмыстарын жүргізген әкімдіктерді атап өтті.

"Мысалы, Ақмола облысының акиматы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында және Нұр-Сұлтан – Бурабай автожолының бойында 10 шақты антенно-мачталық құрылғыны салуды қамтамасыз етті. Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша Интернетке қосылатын ауылдар саны 5163-ке жетеді, еліміздің халқын 3G және 4G Интернет желісімен қамту 99,3% -ды құрайтын болады", - деді министр.


Сонымен қатар ол бұл жұмыстар операторлардың өз қаржысы есебінен орындалуда екенін атап өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды