• Басты
  • А.Жұмағалиев: Тұрғын саны 250 адамнан асатын елдімекендер мобильді интернетпен қамтылады
19 Ақпан, 2020 17:12

А.Жұмағалиев: Тұрғын саны 250 адамнан асатын елдімекендер мобильді интернетпен қамтылады

Биыл жылдың соңына дейін тұрғын саны 250 адамнан асатын елдімекендер мобильді интернетпен қамтылады. Бұл туралы Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында министр Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Жұмағалиев: Тұрғын саны 250 адамнан асатын елдімекендер мобильді интернетпен қамтылады

Оның айтуынша, цифрландыру негізінде интернетті жаппай енгізу жалғасуда.

"Ағымдағы жылы алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі – 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығын сапалы мобильді интернетпен қамту. Қазіргі уақытта 250 адамнан астам халқы бар 117 қала және     3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 3169 (95,3%) ауыл 3G және 4G мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған. Өткен аптада ірі ұялы байланыс операторлары тиісті меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде, биыл мыңнан астам ауыл мобильді Интернетпен қамту жоспарда тұр. Ал тұрғын саны 250 адамнан аз елдімекендерді біз 2022 жылдың соңына дейін интернетпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Сол кезде Интернетпен қамту деңгейі 97 пайызды құрайды", - деді министр.

Сонымен қатар оның сөзінше өткен жылы 500-ге жуық ауыл кең жолақты интернетке қосылдыған. Бұл жұмысты осы жылы аяқтау қажет екeндігін атап өтті. 

"Шалғай өңірлерде, бұл шамамен 3%, жер үсті коммуникацияларымен интернет жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз және тұтынушылар үшін қымбат болуына байланысты біз жерсеріктер арқылы, оның ішінде One Web жаһандық жобасы аясында қамтамасыз етеміз. Өткен жылы біз бірқатар кездесулер өткіздік, белгілі бір келісімге келдік, қазірдің өзінде бірінші спутник іске қосылды", - деді Асқар Жұмағалиев.

Бұдан бөлек министр цифрландырудың білім саласында атқарылған жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы стартап жобаларды іске асыратын бағарламалау мектебі мен ақпараттық-коммуникациялық технология бағытында жоғары білім алуға мүмкіндік беру үшін арнайы жоғары оқу орны ашылған.

"Қазақстандағы барлық мектеп компьютер технологиясымен жабдықталған.  Сонымен қатар елдегі 94 пайызы мектеп интернетке қосылды. 2019-2020 жылы ақпараттық-коммуникациялық технология бағытында жоғары білім алуға 19 мыңға жуық грант бөлінді. Сонымен бірге осы мақсатта өткен жылы Astana IT университеті ашылды. Бүгінгі күні аталмыш жоғары оқу орны келер ұрпақтың мамандарын дайындауда. Сонымен қатар өткен жылы Астана Хабтың базасында "Әлем" бағдарламалау мектебі ашылды. Бүгінгі күні 90 стартап жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ 1000 жұмыс орны құрылды", - деді Асқар Жұмағалиев.

Сондай-ақ министр өз сөзінде жастарды еріктілер жылын пайдаланып ата-анасына, үлкен кісілерге жаңа технологияларды үйретуге шақырды.

"Сонымен қатар айта кету керек, еліміздегі аға-буын өкілдерінің цифрлық сауаты өсіп келеді. Бұған дейін біз үлкендердің жастар секілді түрлі гаджеттерді пайдалануын елестете алмаушы едік. Бүгінгі күні халық цифрлы сауаттылығы 80 пайызға жетіп отыр. Десек те, жастарды аға-ұрпаққа түрлі жаңа гаджеттерді пайдалануды, пайдалы апптарды қолдануды үйретуге шақырамын. "Еріктілер жылы" аясында "Цифрлы еріктілер" акциясын ұйымдастыруды ұсынамын", - деді министр.

Сондай-ақ миистр ақпараттық қауіпсіздік цифрландыру процесінің маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, істелген жұмыстардың нәтижесінде  Қазақстан БҰҰ ғаламдық киберқауіпсіздік рейтингісінде 40 орынды иемденген.

Сонымен бірге министр өз сөзінде болашақтағы жоспары туралы айтып берді. Оның сөзінше, "Жерді онлайн түрде беру" пилоттық жобасы іске қосылмақ.

"Бірыңғай мемлекеттік кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкес жақын арада біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтөбе қалаларында "Жерді онлайн түрде беру" пилоттық жобасын бастаймыз. Ол не береді? Процедура халық үшін оңай әрі ыңғайлы болмақ. Бұл осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Оны жыл соңына дейін коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктермен бірлесіп, барлық жұмыстарды аяқтау қажет", - деді ол.

Сонымен бірге министр өз сөзінде Smart City жобаларына тоқталып өтті. 

"Smart City жобалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылды қалалардың рейтингі құрылды. Бұл рейтинг әр алты айда жаңартылып отырады. Деректер бойынша, цифрлық жобаларды іске асырудан жанама әсерлер 2,2 млрд теңгені құрады. Биыл бірінші кезекте әкімдіктер 112 және 109 қызметтерін аяқтауы тиіс", - деді Асқар Жұмағалиев.

Сондай-ақ министр баяндамасында Smart Data Ukimet секілді жобаларды жүзеге асыру қолға алынғалы бері миллиардтаған бюджет қаражаты үнемделгенін айтып өтті.

"Бүгінгі күні тағы бір әлемдік трендтердің бірі - деректерді басқару. Қазіргі таңда министрлік Smart Data Ukimet жобасын жүзеге асыруда. 5 мемлекеттік органда жаңа зерттеулер жүргізілді және мәліметтер базасына қосылды. Сонымер бірге бұдан бөлек бірқатар іс іске асырылды. Халықты жұмыспен қамту, тегін дәрі-дәрмектер бөлу, "Болашақ" бағдарламасы бойынша гранттар бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді. Мұның бәрі 187 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Жалпы цифрландыру арқылы дәрі-дәрмектерді тарату есебінен, атап айтқанда Smart Data Ukimet-ті қолдану 22,6 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді", - деді министр.

Сонымен бірге Асқар Жұмағалиев биыл жыл соңына дейін мемлекеттік органдардың 310 веб-сайты бірыңғай платформаға орналастырылатынын атап өтті.  

"Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жекелеген сайттарын GOV.kz бірыңғай сайтына шоғырландыруға мүмкіндік береді. 2020 жылдың соңына қарай мемлекеттік органдардың 310 веб-сайты бірыңғай платформада болады. Бұл жоба мемлекеттік органдардың сайттарын қолдауға және қаржыландыруға жұмсалатын бюджеттің ағымдағы шығыстарын 2 млрд теңгеге дейін азайтпақ және сайттардың 100% қол жетімділігін қамтамасыз етеді", - деді министр.

Бұдан бөлек оның сөзінше, цифрландыруды жүзеге асыру үшін өткен жылы 584,3 миллиард теңге тартылған. 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. 

"Жалпы цифрландыру туралы айтсам, экономикалық тиімділігі 800 миллиардтан астам теңгені құрады. Оның ішінде 2019 жылы 584,3 миллиард теңге, 2018 жылы 218,2 миллиард теңге. Инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды. Атап айтқанда 2019 жылы - 18,8 млрд теңге, 2018 жылы - 14 млрд теңге. Нәтижесінде 120 000 жұмыс орны құрылды. Жалпы, министрліктің салаларына 170 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды", - деді министр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды