- Басты
- Жаңалықтар
- Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханасының мәліметінше, әрбір төртінші пациентте темір тапшылығы анықталған, деп хабарлады Strategy2050.kz.

2021 жылдың басынан бері ОЛИМП зертханасында темір мөлшерін анықтау үшін 211 500 адам қан тапсырған. Олардың 74% - әйелдер, 26% - ерлер.
- Қаралғандардың 25%-нда темір тапшылығы анықталды. Жыныс бойынша ерекшелік аса қатты білінбейді, бірақ адамдардың жасына байланысты айтарлықтай айырмашылық бар, - деп хабарлады «КДЛ ОЛИМП» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов. - Темір тапшылығы анықталған пациенттердің басым бөлігі 19-25 жас аралығында, олардың 34%-нда аталған микроэлементтің жетіспеушілігі бар. Темір тапшылығы ең сирек анықталған пациенттер 0-7 жас тобына енеді, олардың тек 16,5%-нда темір дефициті бар, - деп атап өтті зертхана басшысы.
Әдетте 19-25 жас аралығындағы пациенттер - бұл студент жастар. Олардың арасында темір тапшылығының кең таралуы дұрыс тамақтанбаудың салдары болуы мүмкін. Аталған пациенттерге құрамында қолжетімді темірі бар тағамдарды (ет пен ет өнімдері), темірдің сіңірілуін жақсартатын өнімдерді (С дәрумені бар көкөніс пен жемістер) көбірек жеп, керісінше темірдің сіңірілуін тежейтін өнімдерді (шай, кофе) аз тұтыну қажет.
Темір - адам ағзасы үшін өте маңызды микроэлемент. Оның дефициті гемоглобин түзілуін төмендетеді.
- Гемоглобин оттегінің мүше мен тін жасушаларына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Гемоглобин жеткіліксіз болғанда аталмыш функция бұзылады да, бірте-бірте ауыр созылмалы дерттерге әкеп соғатын патологиялық процестер басталады. Сондықтан темір тапшылығын міндетті түрде емдеу қажет, - дейді Ерлан Сүлейменов.
Теміртапшылықты анемия кезінде әлсіздік, бастың ауруы, айналуы, жүректің жиі соғуы, демігу, физикалық жүктемелерді көтере алмау, тәбеттің, жұмысқа, оқуға қабілеттіліктің төмендеуі, терінің құрғауы, шаштың түсуі байқалады.
Ауыр деңгейдегі теміртапшылықты анемия кезінде оттегінің айтарлықтай жетіспеушілігі салдарынан ағзаның барлық жүйелері бұзылады.
Ағзадағы темір дефициті оның тамақпен жеткіліксіз деңгейде келуімен байланысты.
Жаңа туған балаларда темір жетіспеушілігі анасының жүктілік кезіндегі және оған дейінгі анемиясы салдарынан болуы мүмкін.
Темір деңгейінің төмендеуі ағзаның микроэлементті көп мөлшерде шығындауынан да туындайды: балалардың тез өсу кезеңдерінде, әйелдерде жүктілік пен баланы емізу кезінде. Сондай-ақ әртүрлі аурулар кезіндегі қан кету салдарынан да орын алуы ықтимал.
Бірқатар жағдайда темір дефициті асқазан-ішек аурулары кезінде микроэлемент сіңірілуінің бұзылуы және темірдің сіңірілуін тежейтін өнімдерді көп жеу салдарынан туындайды.
Темір жетіспеушілігінің генетикалық себебі де болуы ықтимал. Мәселен, IRIDA-синдромы бар. Ол - темір препараттарының әсеріне сезімтал емес теміртапшылықты анемия. Қуанышқа орай, бұл синдром сирек кездеседі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді

