- Басты
- Жаңалықтар
- «Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді
Белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері 34-ші Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өтеді. Аталған байқау үстіміздегі жылдың қазанның 30-ы мен қарашаның 8-і аралығында Жапонияда өтеді, деп хабарлады Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі Дидар есімді мойындалмаған жазушының өмірі туралы баяндайды. Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» желісі бойыншы жазылған.
- «Ақын» фильмі ең алдымен отандық көрермендерге арналған. Осының алдында түсірген менің басқа фильмдеріме қарағанда, бұл туындыны мазмұны мен проблематикасы жағынан ұлттық кино деуге болады. Фильмде қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты проблемалар көтерілген. Алайда бұл көпшілікке ортақ мәселе, өйткені бүгінде қаншама тілдер жойылып барады, тіпті жазушыларды да ешкім керек етпейді, - деді режиссер Дәрежан Өмірбаев.
Айта кетсек, 1980 жылдан бері өткізіліпкеле жатқан Tokyo International Film Festival кинофестивалі Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының (FIAPF) тіркеуінен өткен, «А» санатындағы әлемдегі үздік 15 кинобайқаудың қатарына кіретін беделді фестивальдердің бірі.
Биыл фестивальге қатысуға 113 елден 1533 өтінімдер келіп түскен екен. Нәтижесінде фестивальдің басты байқауына 15 кинотуынды іріктеліп алынған, оның 10 фильмі алғаш рет көрермендерге ұсынылатын болады. Халықаралық қазылар алқасын аты аңызға айналған француз актрисасы Изабель Юппер басқарады.
Фестивальдің ашылу салтанатында американдық режиссер Клинт Иствудтың «Жігіттердің көз жасы» атты картинасы көрсетілетін болады.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба
-
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді
-
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді
-
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы
-
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы

