А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған

12 Қараша, 2021 18:42

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баян етті. Оның мәлімдеуінше, елімізде соңғы 2 айда коронавирус жағдайлары 3,4 есе төмендеген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Министрдің мәліметінше, 12 қазандағы дерек бойынша коронавирустың оң нәтижесімен 954 146 науқас және КВИ-ға теріс нәтижемен 80 905 жағдай тіркелненін мәлімдеді. Оның дерегінше, КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 95 %-ы сауығып шыққа. Сондай-ақ, ол эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы жасыл аймаққа ауысқанын мәлімдеді.

«Орташа тәуекел болып саналатын «сары» аймақта 6 өңір бар. «Қызыл» аймақта елдің 2 өңірі – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр»,- деді Алексей Цой.

Министр қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақталғанын айтып өтті. Оның мәліметінше, тәулігіне 1 500 жағдай тіркеледі.

«Соңғы екі айда ауру 3,4 есе төмендеді. 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,11-ден 0,92-ға дейін 1,2 есе төмендеді. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 30 %-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 26 %-ға дейін қысқарды», - деді Алексей Цой.

Ол халықтың осал топтарын қорғау мақсатында халықты ревакцинациялау 22 қарашадан басталатын айтып өтті. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеменің, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері егілетін болады. Сондай-ақ ревакцинацияға белгіленген мерзімдерді ескермей 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге тесттің теріс нәтижесі бар адамдар жіберіледі.

«Коронавирус инфекциясының тұрақты мутациясын, сондай-ақ егілмеген халық арасында ауру жағдайларының тіркелуін ескере отырып, мен халықты вакцинациялауға шақырамын. Себебі бұл - вирустың таралуын азайтып, бұрынғы өмір салтына оралудың жалғыз тәсілі. Тағы да еске салғым келеді, ауырған адамдардың 96 %-ы вакциналанбаған адамдар», - деді министр.

Министрдің сөзінше, вакцина қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде «суық тізбек» қамтамасыз етіледі. Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, вакцинаны сақтау және тасымалдау ережелерін сақтау бойынша шаралар қабылданған.

«Облыстық қоймада вакцина 60-90 градус температурада сақталады. Әдеттегі тоңазытқыш жағдайында, яғни егу пункттерінде +2 - +8 температурада вакцинаны басқа инфекциялық ауруларға қарсы қолданылатын вакциналар сияқты 31 күн сақтауға болады»,- деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында вакцина 1 жұмыс күніне арналған шығынды ескере отырып, термоконтейнерлерде тасымалданады. Сондай-ақ, ол әлемдік тәжірибеге сәйкес балаларды вакцинациялау әлемнің 30-дан астам елінде жүргізілетнін жеткізді.

«Оның ішінде 15-тен астам елде балаларды вакцинациялау үшін «Pfizer» вакцинасы пайдаланылады.Негізінен вакцинация 12 жастан бастап жүргізіледі, алайда жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жүргізілуде»,- деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі таңда әлемде коронавирустық инфекцияға қарсы 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер егілген.

Барлық жаңалықтар