- Басты
- Жаңалықтар
- А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай, карантиндік шектеулерді қатаңдату және республикада жүргізіліп жатқан COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы баяндады. Аурудың таралу көрсеткіші, вакцинацияға қатысты сұрақтар мен жаңа штамды анықтайтын ПТР скрининг туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

Коронавирустың мутацияға ұшыраған түрінің белгілері
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысынан өзге өңірлерде «Британдық», «Оңтүстік Африкалық», «Бразилиялық» штамға тән ықтимал мутация анықталды. Бұл ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы КВИ анықталған науқастардан алынған зертханалардағы зерттеу нәтижесінде анықталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 30 наурыздағы деректері бойынша «Британдық штамм» SARS-CoV-2 125 елде, "Оңтүстік Африка" 75 елде, ал «Бразилиялық» 41 елде анықталды. Коронавирустың жаңа штамдары мен алғашқы штамның белгілері бірдей – дене температурасы көтеріледі, жөтел және адам дәм мен иіс сезбей қалады.
ДДСҰ мәліметтері бойынша вирустың ықтимал мутациясы адамдардың індетті жұқтыру жиілігіне қарай артады. Жаңа вирус көп тараған елдердің тәжірибесіне қарасақ, әлеуметтік ара қашықтық сақтау нәтижесінде және денсаулық сақтау ұйымдарында инфекцияның алдын-алу және бақылау шараларын қолдану арқылы COVID-19 ауруы төмендеген.
«Алматы қаласында науқастардан алынған ДНҚ-ның секвенирлеу нәтижесі бойынша «Британдық» және «Оңтүстікафрикалық» штаммының айналымы белгіленген, олар жоғары контагиоздықпен ерекшеленеді, бұл инфекцияның кеңінен таралуына әсер етуі мүмкін», - деді А.Цой.
Алматыдағы жағдай күрделі
Бүгінгі жағдай бойынша елімізде 243 318 науқастан COVID-19 анықталды және 50 433 адамға КВИ- диагнозы қойылған. 218 031 адам КВИ+ және 47 837 азамат КВИ- жазылып шықты. Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, жалпы КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті. Науқастардың 56 пайызы Алматы қаласында тіркелген. Алексей Цой мәлімдегендей, соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті (11 300-ден 17 633 жағдайға дейін).
Карантиндік қатаң шаралар Алматыда қабылдануда. Мұнда 440 адам ауыр халде, тестілеудің тәуліктік қуаты 113 мың зерттеуді құрап отыр.
«Алматы қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 500 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 350 жағдайға жетті. Елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлады, сары және қызыл аймаққа ауысқан өңірлерде қосымша шектеу шаралары енгізілді, Алматы қаласында талап қатаңдатылды», - деді Цой.
Алексей Цой халық арасында коронавирусты анықтау үшін жүргізілетін тесттер туралы айта келе, наурыз айында тестілеу артқанын мәлімдеді. Мәселен, наурыз айынан бастап халықты тестілеу тәулігіне 49 мың зерттеуге дейін артты, ал ақпанда тәулігіне 38 мың зерттеуге дейін жүргізілді.
«Тәуліктік тестілеу қуаты 113 мыңға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штамдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдісі енгізілді», - деді ол.
Вакцинациялау науқаны
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінде бірінші компонентпен 131 170 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 32 482 адам егілді, жағымсыз реакция тіркелген жоқ.
«Өңірлерге КВИ-ге қарсы вакцинаның 150 мың дозасы жеткізілуде. Бұдан басқа, сәуірде түрлі өндірушілерден қосымша 2,5 млн. доза вакцина жеткізу жоспарланып отыр. Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және вакцинацияланғысы келетін адамдарға вакцинацияның қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді деді министр.
Халықты КВИ-ге қарсы профилактикалық егулермен қамтуды ұлғайту мақсатында «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Осылайша, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және оларды вакцинациялаудың басымдылығын халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, КВИ ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ге қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қайта қарауы мүмкін.
Ұжымдарда, адам көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады.
«Вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы. Қарсы көрсеткіштер болмаса қазақстандықтарды екпе салдырғаны дұрыс»,-деді Денсаулық сақтау министрі.
Айтпақшы, Денмин басшылығы желіде талқыға түскен вакцина салдырған соң ауру жұқтырған дәрігер туралы айтты. Ол түсіндіріп өткендей, Вакцина салдырған дәрігер екпе алғаннан кейін 7 күн өткен соң ауырған. Яғни, ол адамның ағзасында антиденелер әлі қалыптасып үлгермеген.
«Ол тіпті екпе алған кезде аурудың инкубациялық кезеңінде болған шығар. Бұл вакцинаны ойлап тапқан ғалымдардың айтуынша, екпе алғаннан кейін 56-шы күннен бастап қанда антиденелердің өте жоғары деңгейі анықталады. Бұл ағзаның қауіпсіздігін білдіреді. Сондай-ақ, антиденелер көп болғанымен вирус ағзаға өте көп түскен кезде ол адамның ауырып қалуы әбден мүмкін, бірақ жеңіл түрде», - деп түсіндірді.
Вакцина компоненттерінің айырмашылығы
Вакцинаның бірінші компоненті - Ресейде өндірілген, екіншісі – Қарағандыда жасалған. Екеуі бірдей әсер етеді. Екі компоненке Алексей Цой түсініктеме берді.
Алайда, екінші рет алғаннан кейін адамдар өздерін жайсыз сезінеді. Оның айтуынша, бірінші және екінші дозадан кейін асқынулар мен айырмашылықтар байқалмады. Асқынулар болған жоқ. Ағзадағы күтілген реакциялар ауырсыну, екпе жасатқан күні температураның шамалы көтерілуі түрінде болды. Бұл вакцинацияланғандардың шамамен 1% байқалды.
«Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы және Қарағанды фармзауытында шығарылған вакцина – бірдей субстанция. Бізде растайтын құжаттар бар, оны өндіру бойынша да. Зерттеудің сипаттамалары мен параметрлері бірдей. Әрбір партия Қазақстан ішінде өндірілгеннен кейін РФ-да қауіпсіздікке қосымша тексеруден өтеді. Құтылардан бастап, құрамындағы субстанция, құю желісі де бірдей», - деді министр.
Вирусты тоқтату үшін сақтық шаралары қажет
Ол вирустың таралуын тоқтату үшін қарапайым алдын алу шараларды сақтау өте маңызды екенін еске салды. Мысалы: қол гигиенасы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, маска кию, бөлмелерді жиі желдету, адам көп жиналатын жерлерге бармау, гаджет, кеңсе жабдықтарын дезинфекциялау, қол алыспау.
COVID-19 туралы негізгі ақпаратты, аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсіну керек. Коронавирус инфекциясы туралы ЮНИСЕФ, ДДСҰ және Денсаулық сақтау министрлігі сияқты сенімді көздерден ақпарат қараған дұрыс. Адамдар желіде тарайтын жалған жаңалықтар мен ақпараттар мен мифтерден сақ болу керек. Денсаулыққа байланысты дағдарыс кезіндегі дезинформация адамдарды вирустың әсеріне әлсіз және осал етеді. Бұл паранойяның таралуына, қорқыныш пен стигматизацияға әкелуі мүмкін.
МСАК нысандары салынады
Алексей Цой бүгінгі брифингте хабарлағандай, Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған және «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы іске асады. Осы бағдарлама аясында Қазақстанда 469 астам жаңа МСАК нысанын салу жоспарлануда, ал 2026 жылға дейін 600-ден астам МСАК объектісі күрделі жөндеуден өтеді, оның 584-і ауылдық жерлерде салынады. Бағдарлама іске асса, күтілетін нәтиже – медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, медицина саласын цифрландыру, қаржыландыру, профилактиканың жаңа тәсілдерін енгізу.
«Осы жылдың басынан 149 ЖМК шалғай ауылдарға диагностикалық қызметтер мен көпбейінді медициналық қызмет көрсетеді. Биыл шалғайдағы 2095 елді мекеннің 2,6 млн астам тұрғынын қамту жоспарланып отыр, оған 8 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе көп», - деді ол.
Цой осы ретте медицина саласындағы мамандардың жалақысы мен олардың біліктілігін арттыруға назар аударды. Айтуынша, биыл 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде 35-ін шетелде оқыту жоспарлануда.
Эпидемиологиялық сақтық шараларын бұзғандар жазаланады
Цой халықтың санитарлық талаптарды сақтамай, шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеп жатқан нысандарды сынға алды. Оның айтуынша, жпидемиологиялық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда, сондықтан құзырлы органдар рейд жұмыстарын жүргізеді. Осы айда шектеу іс-шараларын, карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 16 030 рейд жүргізілді, 102 966 нысан тексерілді.
«Осы тексерілген орындардың 2864-і әкімшілік шараларға қарамастан, белгіленген шектеу талаптарын, жұмыс режимін бұзуды жалғастыруда, бұқаралық іс-шаралар өткізуде. 3021 әкімшілік іс қозғалды. Крантиндік шараларды қасақана бұзған 512 адам анықталды, оның ішінде 22 - жеке тұлға, қалғаны – бизнес өкілдері.», - деді Алексей Владимирович.
Цой өңірлер бойынша карантин талабын өрескел бұзатын өңірлерді атады. Эпидемиологиялық сақтау шаралары жиі бұзылатын өңірлерде ауру өршіп тұр. Олар: Шымкент қаласы - 153, Нұр-Сұлтан қаласы - 63, Алматы қаласы - 56, Жамбыл облысы - 41, Қостанай облысы – 34, Павлодар облысы - 23 көш бастап тұр.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады

