• Басты
  • Ақтаулық әуесқой палеонтолог ежелгі ірі рептилияның қалдықтарын тапты

Ақтаулық әуесқой палеонтолог ежелгі ірі рептилияның қалдықтарын тапты

3 Тамыз, 2020 15:05

Ақтаулық әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев ежелгі ірі рептилияның (бауырмен жорғалаушы) қалдықтарын тапты. Оның болжамынша, қалдықтардың жасы 100 миллион жыл болуы мүмкін, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Белгісіз теңіз бауырымен жорғалаушылардың қалдықтарын Владимир Ярцев өткен айдың соңғы күні, яғни 31 шілдеде Түпқараған мыса ауданынан тапқан. Бұл туралы ол Инстаграм парақшасында жазады.

«Мен оны кеше күн батқан кезде қайтуға жиналып жатқанда таптым. Мен бұл жерде Төменгі Бор дәуірінен бастап палеогенге дейінгі кен орындар пайда болатын қызықты бөлімді таптым. Конкрециядағы үлкен сүйектерді және кейінгі Альба белдеуі мен ерте Сенома дәуіріне жақын орналасқан жерден таптым, бұл шамамен 100 миллион жыл. Сүйектер Бор дәуірінде өмір сүрген кейбір үлкен бауырымен жорғалаушыларға жатуы мүмкін. Бұл ихтиозавр, плезиозавр, плиозавр және басқалары болуы ғажап емес. Неліктен мен сүйектердің жасына сенімдімін? Конкрецияның екі метр биіктіктігінде Птиходус акуласының тісін көрдім. Бұл акула тек Бор дәуірінде және біздің ауданымызда негізінен Сеноман кезеңінде өмір сүрді», - дейді Владимир Ярцев Лада ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.


Палеонтолог өткен жылдың мамыр айында тапқан ихтиозаврды мамандарға фотосы мен видеосын жіберген. Владимир Ярцевтің ұсыныстарын бірнеше маман растады. Солардың бірі - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің палеонтология кафедрасының оқытушысы Николай Зверков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ПРОДОЛЖЕНИЕ ПРЕДЫДУЩЕЙ ПУБЛИКАЦИИ: Согласно предварительной идентификации Зверькова Николая Геннадьевича (аспирант геологического факультета МГУ, младший научный сотрудник Лаборатории палеогерпетологии Палеонтологического института имени А.А. Борисяка РАН и Лаборатории стратиграфии фанерозоя Геологического Института РАН), плоская кость на видео в предыдущей публикации является одной из костей поясов конечностей ПЛЕЗИОЗАВРА, коракоидная кость (пояс передних конечностей), либо лобковая кость (пояс задних конечностей). ПЛЕЗИОЗАВРЫ - (лат. Plesiosauria, от др.-греч. πλησίος — близкий, схожий, σαῦρος — ящер) — отряд вымерших пресмыкающихся, живших с триасового по меловой периоды (227—66,0 млн лет назад). Расцвет пришёлся на юру — ранний мел. Некоторые представители отряда достигали размера 15—20 м . . . #Актау #Мангыстау #Мангистау #Aktau #Mangistau #Mangystau #caspiansea #Каспий #Mangyshlak #Мангышлак #Казахстан #Kazakhstan #Тетис #Tethys #fossils #fossilhunting #prehistoric #палеонтология #paleontology #reptile #плезиозавр #Plesiosaur

Публикация от Vladimir Yartsev (@hedgehog_1979)


«Қалдықтарды шығару қиынға соғады. Сүйектер қатты жыныста және өте нәзік, қол жеткізу өте қиын. Егер біздің өлкетану мұражайы қызығушылық танытса, мен координаттарымен бөлісемін», - деп толықтырды Владимир Ярцев7

Сондай-ақ археология саласының мамандары Владимир Ярцевтің болжамын нақтылай түсті. Мәселен, ММУ Геология факультетінің аспиранты, А.А. Борисяк палеонтологиялық институтының кіші ғылыми қызметкері Николай Зверьковтың сөзіне сүйенсек, видеодағы жайпақ сүйек немесе шат сүйегі плезиозаврдың сүйегі. Плезиозавр триас кезеңінен бастап Бор дәуіріне дейін өмір сүріп жойылып кеткен рептилиялардың тобы.  

Айта кетейік, Владимир Ярцев бқған дейін 40 млн жыл бұрын өмір сүрген акуланың сүйегін тапқан еді. Өзінің айтуы бойынша, ол акуланың сүйегін 19 қазанда Қаракіші жерінде тапқан. Акула сүйегінің ұзындығы шамамен 70 см болады дейді ол.

Барлық жаңалықтар