• Басты
  • Ақтөбеде білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін алғашқы 116 пәтер бөлінеді
3 Қазан, 2019 11:36

Ақтөбеде білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін алғашқы 116 пәтер бөлінеді

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ іске асырылып жатқан "Нұрлы Жер" тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін кейіннен сатып алу құқығымен жалдау бағыты бойынша Ақтөбе қаласында орналасқан 116 пәтерді бөлуді бастады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Ақтөбеде білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері үшін алғашқы 116 пәтер бөлінеді | Strategy2050.kz

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған тізімдерге сәйкес, үміткерлердің төлем қабілеттілігін екінші рет тексеру жүргізілуде. Ағымдағы айдың соңына дейін министрліктердің қызметкерлеріне 58 пәтер бөлу жоспарлануда.

Сонымен қатар, компания Алматы қаласындағы салынып жатқан объектіде жалпы көлемі 16 600 м2 288 пәтер және Қарағанды қаласындағы салынып жатқан объектіде жалпы көлемі 1 000 м2 21 пәтер сатып алуға шарт жасасқаны туралы хабарлайды. Бұл қалаларда тұрғын үй алуға үміткерлердің төлем қабілеттілігін тексеру 2020 жылдың көктемінде жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың маусым айында "ҚИК" ИҰ" АҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі арасында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру туралы келісімге қол қойылғанын еске саламыз.

Осы бағыттағы қызметті қаржыландыруға нарық жағдайында "ҚИК" ИҰ" АҚ қарыз алған қаражаттан шамамен 40 млрд теңге бағытталатын болады. 

Қатысушылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді сату шарттары: жалға алу мерзімі 20 жыл, бастапқы жарна жоқ, кез келген уақытта және айыппұл санкцияларынсыз тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар, кіріс жеткіліксіз болған жағдайда кепілдіктерді тарту мүмкіндігі қарастырылған. 

Бұл ретте Бағдарлама бойынша 1 шаршы метрдің құны Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында тиісінше 1455 теңгені, басқа өңірлерде 1 шаршы метр үшін тиісінше 1 232 теңгені құрайды.

Тұрғын үй алуға үміткерлердің тізімін тікелей министрліктер қалыптастырады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды