• Басты
  • Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

24 Қыркүйек, 2021 17:01

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар жөнінде айтылды. Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың айтуынша, соңғы аптада стационарлық емделушілер санының 23% -ға төмендеген. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиевтің айтуынша, өңірде екі инфекциялық стационар, облыс орталығында 300 орындық стационар жабылған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ақтөбе облысындағы эпиджағдай

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың дерегінше, 23-қыркүйектегі жағдай боынша Ақтөбе облысында бір тәулікте коронавируспен ауырған 137 жағдай тіркелген.Оның ішінде ауру симптомдары бар – 110 науқас және симптомсыз – 27 науқас анықталған. Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша КВИ-мен ауырған 32130 жағдай тіркелген.

«Оның ішінде 75,4%-ы ауру белгілерімен және 24,6%-ы симптомсыз жағдай. Сондай-ақ, 29605 науқас жазылып шықты », - деді ол.

​​​Оның дерегінше, қазіргі таңда үй карантиніне 10845 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Төсек-орын жүктемесі

Сондай-ақ, ол коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге облыстың 18 инфекциялық ауруханасында барлығы 1880 керует орналастырылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта жұқпалы керуеттердің саны 35,4%-ды, реанимациялық төсектер 38%-ды құрауда.

«Соңғы аптада стационарлық емделушілер санының 23% -ға төмендеуі байқалды, ауыр науқастардың саны 15% -ға төмендеді», - деді Хамбаров Руслан.

Оның мәліметінше, облыстағы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған керуеттер сыйымдылығы 3 603 төсек, оның 401 -і реанимациялық кереуеттер. Сондай-ақ, ол жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының 2 айлық қоры бар екендігін атап өтті.

Птр зерттеулер

Хамбаров Руслан өз сөзінде ҚР-ның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі No 38 «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына 33-қосымшаның ІІІ тармағына сәйкес, аумақтың медициналық -эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес облыста КВИ анықтау үшін 12 зертхана ПТР зерттеулер жүргізетінін атап өтті. Оның дерегінше, зертханалардың тәуліктік қуаттылығы - 7900 зерттеу, қазіргі уақытта күніне орташа есеппен 3000 -нан астам зерттеулер жүргізіледі.

Вакциналау

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері облысқа коронавирустық инфекцияға қарсы 697 960 доза вакцина жеткізілгенін айтып өтті. Нақтырақ айьақанда, Sputnik V - 478 970 доза (1 комп. - 253 900, 2 комп. - 225 040,) QazVac - 40 990 доза ( 1 комп. - 20 495, 2 жинақ - 20 495), Hayat -Vax - 56 000 доза (1 жиынтық - 28000, 2 жиынтық - 28000), Coronavac - 22 000 доза (1 жиынтық - 11 000, 2 жиынтық - 11 000) ), Sinopharm - 100 000 (1 комп. - 50 000, 2 комп. - 50 000)

«Қазіргі таңда 1-ші компонентпен 311 335 адам (59,6%), 2-ші компоненттен 267 086 (51,2%) адам егілді», - деді Хамбаров Руслан.

Батыс Қазақстан облысындағы эпиджағдай

Жиында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта орналасқан. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация науқаны басталғаннан бері вакцинаның бірінші компонентімен 218 050 адам вакциналанған.

«Бұл егілуі тиіс халықтың 60,6% - ын құрайды. Екінші компонентпен 190 469 адам егілді, бұл 52,9 %-ды құрайды.Жылдың басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 849 адам тіркелді», - деді Айдар Нұралиев.

Оның дерегінше, қазіргі уақытқа дейін вирустан 21 350 адам сауыққан. Ал осы жылдың 1 қаңтарынан облыстың 582 тұрғыны қайтыс болған. Қазіргі уақытта 1151 науқас амбулаториялық ем алуда. Ал, стационарларда 339 адам емделуде.

Төсек-орын жүктемесі

«Облыста 1059 төсекке есептелген 19 инфекциялық стационар жұмыс істейді. Инфекциялық стационарлардың толықтырылуы 32% - ды құрайды», - деді Айдар Нұралиев.

Оның мәлімдеуінше, реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 38,3%-ды құрап отыр, бұл яғни 36 науқас. Сондай-ақ, ол өкпені жасанды желдету аппаратында ешқандай науқас жоқ екенін атап өтті.

«Өңірде екі инфекциялық стационар, аудандардың бірінде 20 төсектік стационар және облыс орталығында 300 орындық стационар жабылды», - деді Айдар Нұралиев.

Оқушылар арасындағы коронавирустық жағдайлар

Оның мәліметінше, 2021 жылы коронавируспен күреске барлығы 4,2 млрд теңге бөлінген. 1 қыркүйектен бастап оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 306 жағдайы тіркелген.

«Осы кезеңде 62 мұғалім ауырып қалды. Осыған байланысты облыстың 27 мектебінде 46 сынып екі апталық карантинге жабылды», - деді ол.

Батыс Қазақстан облысында тәуліктік қуаты 4742 тест жасайтын covid-19 диагностикасы бойынша 12 зертхана жұмыс істейді. Ай басынан бері 40 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Ал соңғы тәулікте 1281 талдау зерттелген.

Оның айтуынша, «Ashyq» бағдарламасында 3385 бизнес нысандары тіркелген, оның 142 Ashyq көшбасшысы болып табылады.

«Ashyq» бағдарламасы

«Ай басынан бері санитарлық-карантиндік режимді бұзған 322 адам анықталды, оның 216 - і - "Қызыл" мәртебесі бар тұлғалар», - деді Айдар Нұралиев.

Сондай-ақ, облыста барлығы 167 мониторингтік топ жұмыс істейді. Соңғы аптада 83 рейд жүргізілген, 689 объектіні тексерумен қамтылған. Нәтижесінде, 12 бұзушылық анықталған.

Барлық жаңалықтар