• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр

Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр

4 Қараша, 2021 15:01

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысында мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмалары аясында орындалып жатқан шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өңірдің 2021 жылдың тоғыз айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Ақтөбе облысы әкімінің мәлімдеуінше, өңірде барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қамтамасыз етілген. Соның ішінде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылмен кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өскен, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі 11,2% өскен.

«Негізгі капиталға құятын инвестиция өсімінің қарқыны 130,5%, құрылыс 103,4%, пайдалануға берілген тұрғын үй 112%, сауда-саттық 104,1% құрады»,- Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығы көлемінің былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 95,1% төмендеген. Бұл егін шаруашылығы өнімдерінің 83,7% төмендеуіне байланысты екенін жеткізді.

«Мұның себебі – қолайсыз ауа райының салдарынан дәнді дақылдар мен майлы дақылдар түсімінің аз болуында. Дегенмен, жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы есебінен ауыл шаруашылығында оң динамикаға жетуді жоспарлап отырмыз»,- деді облыс әкімі.

Оның мәліметінше, 124 млрд теңгеге 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, мыңнан аса жұмыс орнын құру арқылы қол жеткізуге болады.

Шағын және орта бизнес саласы

Пандемияның кері әсеріне қарамастан өңірде шағын және орта бизнес саласын дамытуда оң динамиканы сақтай алған. Облыс әкімі шағын және орта бизнестің облыс экономикасындағы үлесі шамамен 23,3%-ды, 64,1 мың бизнес субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестің 2500 жобасы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдерін пайдаланған.

«БЖК-2025» бағдарламасын жүзеге асыруға 9 млрд. теңге бөлінген. Бағдарлама ясында шағын және орта бизнестің 2 мыңдай субъектісі қолдау тапты. Бағдарламаға қатысушылар 300-ден аса жұмыс орнын құрып, бюджетке 32 млрд. теңгеден астам салық түскен.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында ​ 11,3 млрд. теңгеге 25 жоба мақұлданған. «Еңбек» бағдарламасы аясында 3,1 млрд. теңгеге 562 несие берілсе, оның 85%-ы ауыл тұрғындарына берілген.

Оның дерегінше, ШОБ субъектілері қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде 544 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Бұдан бөлек, 746 жобаны жүзеге асыруға "Еңбек" бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңге қарастырылған.
«Жалпы, осы жылдың тоғыз айы ішінде 270 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 4,7%, ұсақ мал 3,2%, жылқы 9,7%, құс 7,9% артты»,- деді облыс әкімі.

Тұрғын үй құрылысы

Облыста тұрғын үй құрылысы саласын қарқынды дамытудың тиімді шаралары қабылданудан. Қазіргі таңда 624 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңір халқының 97,3%-ы орталықтандырылған сумен, 93% -ы газбен қамтылады.

Оңдасын Оразалин облыстың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдарының үлесі бүгінде 61%-ды құрайтынын, автокөлік сапасын жақсартуға қатысты сұрақтың өңірде өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Ақтөбе облысының әкімі сондай-ақ, тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және жұқпалы аурулармен күрес шаралары қабылданып жатқанын айтты.

«Биыл ақпан айынан бастап облысқа шамамен 809 мың доза екпе келсе, бірінші компонентпен халықтың 64% -ы егіліп, 59%-ы толықтай иммунделді. Өңірдегі аурухана кереуеттерінің жүктемесі 33,5%, соның ішінде реанимациялық кереует– 12,7%»,- деді Оңдасын Оразалин.

2022 жылға арналған жоспарлар

Ақтөбе облысының әкімі өңірде өмір сүру үшін қолайлы жағдайды және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге арналған барлық бағыттар бойынша жұмыстарды жалғасып жатқанын жеткізді.

« 900 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, өңір экономикасындағы ШОБ үлесін 25%-ға дейін көбейтуді, ауыл шаруашылығы өнімін 5% шығаруды, суармалы жерлер алаңын 35,6 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, жұмыс орындарын құрудың белсенді жұмыстары жалғасады, 53 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтығымыз келеді",- деп баяндамасын аяқтады»,- деді облыс әкімі.
Барлық жаңалықтар