- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді
Бүгін үкімет отырысына қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын қарауға ұсынды, деп хабарлады Strategy250.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының кешенді дамуы
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің мәлімдеуінше, бұл кешенді жоспар Ақтөбе облысы бойынша Ақтөбе агломерациясын, мұнай-газ және көлік инфрақұрылымын, тау-кен металлургия кешенін, өнеркәсіптік кооперацияны, ғылыми-медициналық және білім беру кластерін дамытуды көздейтін 6 бағыттан тұратын және 36 іс-шараны қамтиды. Министрдің дерегінше, жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 567 миллиард теңгені құрайды.
«Оның ішінде республикалық бюджеттен 64,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 7,4 млрд теңге, жеке инвестициялар 478,7 млрд теңге, МЖӘ аясында 16,6 млрд теңге бар», - деді ол.
Ақтөбе агломерациясын дамыту
Сонымен қатар, кешенді жоспардың бірінші бөлімі бойынша Ақтөбе агломерациясының инфрақұрылымын дамытуға 119,6 млрд. тенге сомасына 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.
«Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады», - деді Әсет Ерғалиев.
Оның айтуынша, жоспар шеңберінде Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілерді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Кешенді жоспардың екінші бөлімі бойынша мұнай-газ саласында газ өңдеу кешенін салу, жаңа кен орындарын игеру және резервтік кен орындарын пайдалануға беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ қиын өндірілетін мұнайды өндіру кезінде технологиялық жаңғыртуды жүргізу жоспарлануда.Үшінші бөлімде тау-кен металлургия кешенін дамыту бойынша іс-шаралар іске асыру жоспарлануда.
«Жобаларды қаржыландыру 48,3 млрд теңге сомасына жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады», - деді министр.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, кешенді жоспарда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша жобалар жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 450 га индустриялық аймақты құру қамтылып отыр.
Оның дерегінше, кешенді жоспардың бесінші бөлімі бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға 11,1 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Ақтөбе облысының өңіраралық байланысын нығайту
Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарын реконструкциялау өңіраралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Ақтөбе қаласы еліміздің батыс бөлігіндегі өсу орталығы және ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге «Ақтөбе – Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» сияқты жобалар ықпал ететінін жеткізді.«Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автомобиль жолдарын қайта жаңартуды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61% - дан 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Аталған жобаларды іске асыру көршілес өңірлермен жолаушылар ағыны мен жүк тасымалын ұлғайтады. Осылайша, Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 1,5 есеге – 2,3 трлн теңгеге дейін артады», - деді Әсет Ерғалиев.
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
Министрдің мәліметінше, кешенді жоспардың соңғы бөлімі бойынша өңірдің ғылыми-медициналық кластерін дамыту аясында 8,1 млрд теңгенің жобалары қарастырылуда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген.
«25 денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, көп бейінді аурухана, балалар онкогематология орталығы салынады, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық техникамен жабдықтау жоспарлануда», - деді министр.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша 49 мектеп және Ақтөбе қаласында колледж студенттеріне арналған үш жатақхана салу жоспарланып жатыр.
Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын, табысы мен әл-ауқатын жақсартуға жол ашады. Алдын ала бағалау бойынша, 114 мың жаңа жұмыс орны ашылады, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 21,6%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері 37%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 21%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7%-ға өседі. ЖӨӨ нақты өсімі 27,4%құрайды.
Премьер-Министр бекітілген Ақтөбе облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарының шараларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты
-
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
-
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары

