• Басты
  • Ақтөбе облысында «Мүмкіндік шексіз әлемде» семинары өтті
20 Қаңтар, 2020 15:25

Ақтөбе облысында «Мүмкіндік шексіз әлемде» семинары өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтар мен аудандағы ерікті жастар арасында «Мүмкіндік шексіз әлемде» семинар-тренингін өткізді. Шараның соңы қайырымдылық шарасымен жалғасты.



Ақтөбе облысында  «Мүмкіндік шексіз әлемде» семинары өтті

Аталған пробация қызметінің аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен бірге «Сана» жастарды дамыту орталығында өткізген іс-шарасы Темір аудандық пробация қызметінің жұмыс жоспарына сай, «Еріктілер жылына» арналған.

“ Шараның мақсаты- есепте тұрған азаматтарға, яғни жіберген қателігі үшін жазасын өтеп жүргендерге алдағы уақытта жіберген қателіктерін қайталамауды, бостандықтың «бағасын» ұғындыру болып табылады.  Осы тұрғыда, семинар тақырыбына сай қатысушыларға бейнежазба керсетілді. 

Тағы бір айта кететіні, ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны- əр азаматтың бойында айналасына жақсылық жасауға құлшынысын арттыратындығына көзіміз жетті”,- дейді Темір аудандық пробация қызметінің бастығы Ренат Жұмабаев.

   Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Темір аудандық пробация есебінде тұрғандар өткізілген іс-шарадан кейін, Шұбарқұдық ауылының тұрғыны-  92 жасар, жалғызбасты Валентина Фёдоровнаның үйіне барып, ауласын қардан тазартып, үйін жинап берді.

“ Есепте тұрғандардың қайырымдылыққа бастайтын осындай іс-әрекеттерінен олардың жақсы жағынан өзгеріп, пробация тарапынан көрсетіліп жатқан тәрбиелік және психологиялық көмек жақсы нәтижесін беріп жатқанын көреміз.

Жалпы, өткен жылы да Темір аудандық пробациясының қолдауымен есепте тұрғандар балалар үйіне кітаптар, оқу құралдарын сыйлау немесе «Құрбан айт» мерекесінде жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету секілді т.б. көптеген қайырымдылықпен айналысты. Биылғы «Еріктілер жылында» аталған қайырымдылық жұмыстары жалғасын табатын болады”,- дейді Ренат Жұмабаев. 

    Іс-шарада белсенділік танытқан азаматтар жастар саясаты және дін істері орталығы басшылығының атынан алғыс хаттармен марапатталды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды