- Басты
- Ақтөбе облысы халықаралық форумда экспорттық әлеуетін көрсетті
Ақтөбе облысы халықаралық форумда экспорттық әлеуетін көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор қаласында басталған «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумына қатысуда.
Форум халықаралық серіктестік мәселесінде тәжірибе алмасып, шешімін іздеуде және күш біріктіруде ірі пікірталас алаңдарының бірі болып табылады және оған жыл сайын Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Белоруссия, Тәжікстан, Өзбекстан мен басқа да елдерден келген делегациялар жиналады. Олардың құрамында шет мемлекеттердің ресми тұлғалары, билік органдарының, қоғамдық институттар мен бизнес өкілдері, сарапшылар, экономика саласының, стратегиялық даму және инновация мамандары бар.
Ауқымды шара шекаралас өңірлердің әлеуметтік саясат пен экономиканың түрлі салаларында, жетістіктерін таныстыруда әрі қарайғы өзара байланыстарын нығайту мақсатында өткізіліп отыр.
Форум аясында Оңдасын Оразалин Орынбордағы «Менің бизнесім» бірінші өңірлік орталығының ашылу салтанатына қатысты. Ол жерде «бір терезе» тәртібімен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 160-тан аса қызмет көрсетілетін болады. Жоба мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Кейін облыс әкімі форумға қатысқан елдердің алпыстан аса экспозициялары қойылған «Ұлттық жобалар. Инвестициялық және экспорттық әлеует» атты халықаралық көрмені қарап шықты.
Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары көрмеде өздерінің экспорт саласындағы жетістіктерін көрсетті. «ТД Фотон» ЖШС, «Баумастер Интернешнл», «Грант Адал», «Вибромастер», «Эко Ферма 2015», «Миал-КЗ», «Айбек» ӘКК мен тағы басқалар өз өнімдерін қойды.
Газбетон блоктарын, лак-бояу өнімдерін, консерві және полиуретанды бұйымдарын өндіретіндер үшін бұл өз өнімдерін пайдаланатын ресейлік тұтынушылармен байланысты жолға қоюда, жаңа өткізу нарығын табуда, сонымен қатар, форум қатысушыларымен шекара серіктестігі, экспортқа жұмыс жасайтын кәсіпорындарды қолдау сұрақтарын талқылауда бірегей мүмкіндік.
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
Маңғыстау облысының дамуы: экономикалық көрсеткіштер, ауыз су мәселесі, туризм әлеуеті
-
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері
-
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті

