• Басты
  • Ақша капиталына емес, адами капиталға көбірек көңіл бөлу керек – С.Байзақов
10 Наурыз, 2020 16:23

Ақша капиталына емес, адами капиталға көбірек көңіл бөлу керек – С.Байзақов

Ақша капиталына емес, адами капиталға көбірек көңіл бөлу керек. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат тілшісіне Экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Байзақов айтып берді.
Ақша капиталына емес, адами капиталға көбірек көңіл бөлу керек – С.Байзақов
«Бағаның құнына байланысты өзгеріп тұрады. Ол деген сөз егер бағаның құны өзгерсе, онда экономиканың жағдайы өзгереді деген сөз. Ал құнның өзгеруі міндетті түрде құбылмалы. Ол кейде өзгереді, кейде төмендеп жоғарылайдф. Әркез өзгеріске ұшырап тұрады. Сондықтан да оған еш жағдайда қиналуға болмайды. Бағаның құнын қалыпты жағдайда қалдыру керек. Сонда ғана біздің экономика тұрақты болады», - деді С.Байзақов.

Профессор айтып өткендей, баға құнының капиталы үшке бөлінеді.

«Біріншісі – тауарлық капитал, екіншісі – инвестициялық капитал, үшінші түрі – адами капитал. Осы үш капиталдың ішінде экономикаға араласпайтыны – адами капитал. Бағаның құны адами капиталдың деңгейімен анықталады. Ал адами капитал тауар капиталының құнымен анықталады», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, макроэкономика оқулығы бойынша доллардың құнын анықтау «ақша құны – ақшаға сатып алатын тауар мен қызметтің саны (доллар); ал ақшалай бірлікті сатып алу мүмкіндігі – бағаның деңгейіне қатысты кері көлемі».

«Бұл долларды резервтегі валюта ретінде сатып алу формуласы pp = c pb , где, рb – ЖІӨ дефляторы, с – ғылымитехнологиялық прогрестің мультипликаторы өсімінің жылдамдығы. Демек, Қазақстан жағдайында Ұлттық банктің саясаты инфляциялық таргеттеуге емес, айналымдағы ақша айналымының тапшылығын төмендетуге назарлануы керек. «с*vх » мультипликаторы дамып жатқан елдердің Орталық банкілерінің есесптік ставкаларының бейімделу нысаны болуы керек. Қорытындысында ұлттық ақшадағы ЖІӨ номиналы шексіздікке дейін өсе береді, ал ұлттық ақша – шексіздікке дейін құнсыздана береді. Аталған шешімді үнемі даму үстіндегі және 30 елдің қатарына қосылуға ниетті ел ретінде Қазақстанға қолдануға болады. Сондықтан да, ақшалай капиталдың өсуіне емес, адами капиталдың өсіміне көп көңіл бөлу керек», - деді С.Байзақов.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды