• Басты
  • АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші

АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші

13 Тамыз, 2021 12:07

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде вирус жұқтырған 204 644 849 жағдайы тіркелген. Алғаш рет Ресейде тәулігіне 800 -ден астам адам індеттен қайтыс болған. Сондай-ақ, АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Коронавирус жағдайлары

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде вирус жұқтырған 204 644 849 жағдайы тіркелген. Бір тәулік ішінде 659 772 адамнан COVID-19 ауруы анықталған. Қайтыс болған науқастардың саны 4 323 139-ға жеткен.

Елімізде өткен тәулікте 7798 адамда коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 406 жағдайы және 22 өлім жағдайы тіркелген. 205 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 5816 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Алғаш рет Ресейде тәулігіне 800 -ден астам COVID -тен өлім тіркелді

Ресейде тәулігіне «SARS-CoV-2» коронавирус инфекциясының 21 932 жаңа жағдайы анықталған. Соңғы тәулікте Ресейде COVID-808 жұқтырған 808 адам қайтыс болған. Бір тәулік ішінде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 6 шілдеде 700 адамнан асты. Содан бері бұл көрсеткіш осы деңгейден төмендемеді және төрт рет тәулігіне 799 covid-19 өлімінің рекордтық деңгейіне жеткен.

Эпидемия басталғалы 168 049 ресейлік коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

ДДСҰ 3 препаратты сынақтан өткізеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Solidarity» клиникалық зерттеуі коронавирусқа қарсы тағы үш препаратты сынақтан өткізеді. Оларды4 дерегінше, «Solidarity PLUS» препараттарды зерттеуді 52 елде жүргізеді екен.

Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Solidarity» зерттеулерінің келесі кезеңі басталғанын мәлімдеді. Ол «Solidarity PLUS» деп аталды. Ол COVID-19-ға қарсы тағы 3 препараттың тиімділігі стационарлық жағдайда ауруханаға түскен науқастардың қатысуымен сынақтан өтеді. Бұл артесунат, иматиниб және инфликсимаб препараттары.

«Артесунат» безгектің ауыр түрін емдеуде қолданылса, «иматиниб» қатерлі ісіктің кейбір түрлерін емдейді, ал «инфликсимаб» крон ауруы сияқты иммундық жүйе сырқаттарында және ревматоидті артритте қолданылады. Оларды тәуелсіз сарапшылар комиссиясы коронавируспен ауруханаға түскен науқастар арасында өлім санын азайтады деген сеніммен таңдап алған. «Solidarity PLUS» зерттеулеріне 52 елдің 600 стационарлық медициналық мекемесінен мыңдаған зерттеуші қатысуда. Сондай-ақ, бұдан бұрын зерттеулер аясында төрт препараттың тиімділігін бағалаған болатын. Зерттеулердің қорытындысы бойынша, ремдесивир, гидроксихлорохин, лопинавир және интерферон препараттарының COVID-19-бен ауруханаға түскен науқастардың өліміне әсері жоқ немесе әсері болмашы деген түйін жасаған.

Германия енді ковидті тегін тексеру тестін өткізбейді

Германия 11 қазаннан бастап өз азаматтары үшін коронавирусты тегін тексеру тесттерін өткізбейтін болды. Ел билігі бұл қадамға адамдарды вакцина салдырту үшін барған. Алайда, бұл шектеу денсаулығына байланысты екпе салдырта алмайтындарға қатысты емес.

Германияда наурыз айында басталған вакциналау қарқыны төмендеген, соңғы апталарда тіптен баяулаған. Ал вакциналау деңгейі ел бойынша ең төмен болған шығыстағы Тюрингияда екпе салдыртқандардың барлығына грильде пісірілген шұжық таратылып жатыр екен.

Ұлыбританияда вакцинаның тиімділігіне қатысты теріс пікірлер бар

Сондай-ақ, Ұлыбритания тұрғындары арасында вакцинаның тиімділігіне қатысты теріс пікірлер бар. Мемлекет билігі ересек тұрғындардың коронавирусқа қарсы препараттың екі дозасын салдырту межесін қалыпты өмірге оралу жолындағы маңызды қадам екендігін жеткізуде. Сонымен қатар, Литва тұрғындары вакцина салдырғандарды марапаттауға қатысты наразылық білдіруде. Вильнюс билігі қарсылық танытқандарға қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Ол қыркүйектің ортасынан бастап екпе салдыртпағандар коронавирус жұқтырып алу жағдайында тегін емделу құқығынан айырылады. Осы үшін 300-ге жуық ерікті медицина қызметкер теңізге қарай жол жүріп, Мартиникика мен Гваделупаға ұлттық тілектестік рухын қолдап, жұқтыру оқиғалары санының өсуімен күрес жүргізуге баратындарын жеткізді. Сондай-ақ, Францияның теңіз аумақтары COVID-19 вирусының жаңа толқынымен барынша күрес жүргізіп жатыр.

АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде

Американың вакциналау қарқыны төмен штаттарында балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары көбейген. Балаларды өкпені жасанды желдету аппаратына қосу керектігі белшілі болып отыр. Сондай-ақ, балалар арасындағы жұқтыру жағдайларының күрт өсуі жаңа оқу жылының басталуымен тікелей байланысты деп табылды.

Айта кетейік, Америка мектептерінде оқу жылы тамыздан басталады. Ата-аналар мектептерде маска тағу режимін енгізбегені үшін губернаторларды сотқа беруде.

Флорида штатында балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт өскен. Олар ауыр жағдайда тіпті ӨЖЖА-ға қосу қажеттілігі туындап жатыр.

Американың педиатрия қызметінің дерегінше, вакциналау қарқыны төмен штаттардағы жағдай аса ауыр. Флорида, Айдахо, Алабама, Миссисипи, Канзас штаттарында коронавирустың «дельта» штамы тез тарап жатыр.

Соның ішінде, Канзаста соңғы айлары 12 жастан төмен балалар арасындағы вирус жұқтыру жағдайлары 690%-ға өскен. Ал жансақтау бөлімдеріндегі науқастардың саны 275%-ға артқан. Олардың 20%-ы – 12 жастан төмен балалар екен.

«Нью-Йорк Таймс» басылымының жазуынша, балалардың арасында «созылмалы COVID» белгілері байқалады. Аурудың белгілері қайта бастағаннан кейін екі апта немесе бірнеше айдан кейін қайтадан оралып жатады. Кейбір симптомдар ми шайқалу салдарына ұқсайды. Мысалы, кейбір балалар физикалық белсенділіктен кейін тез шаршап қалып жатады. Кейбір науқастардың басы айналып, жүрек соғысы жиілейді. Консерватор губернатор-республикалықтар өз өңірлерінде мемлекеттік мекемелерде бөлек заңдармен маска тағуды міндеттеуге тыйым салған. Соның ішінде, күнделікті жұқтыру жағдайлары бойынша антирекорд тіркеліп отырған Флориданың губернаторы салынған тыйымға қарсы шыққандарды жалақысынан айырамын деп қорқытқан. Мұғалімдермен қоса ата-аналар да наразы – Флорида мен Канзаста өңір басшыларын сотқа берген.

Қытайда 70 шенеунік жазаланды

Қытайда коронавирустың таралуымен күресте селсоқтығы үшін Қытайда 70 шенеунік жазаланған. Шенеуніктердің жұмыстағы селсоқтығынан КВИ-дің «дельта» штамы Қытайдың 31 провинциясының жартысынан көбіне таралып кеткен.

Өткен аптада, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында осы жылдың мамыр-маусым айларында COVID-19-бен күресте өзінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін 20 жергілікті шенеунік жазаланған.

Ресми мәлімдемелерге сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде Цзянсу, Хэнань және Хунань провинцияларында КВИ-дің «дельта» штамының өршуіне байланысты жергілікті билік органдарының, денсаулық сақтау жөніндегі комиссиялардың, ауруханалар мен әуежай басшыларын қосқанда 47 лауазымды тұлға селқостығы үшін жазаланған. Айта кетейік, коронавирустың «дельта» штамының өршуі Қытайдың 17 провинциясына таралған. Қазіргі кезде шілденің ортасынан бастап КВИ жұқтырудың 1 000 жағдайы тіркелген екен.

Инфекция жұқтыру қаупі балалар арасында жоғары

АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, инфекция жұқтыру қаупі балалар арасында жоғары болады. Алдағы он жылдың ішінде «SARS-CoV-2» кішкентай балаларға жиі жұға бастап, жай тұмауды қоздыратын коронавирустарға ұқсап кетуі мүмкін екендігі белгілі болған. Бұл, Пенсильвания университетінің ғалымдары болжамы. Бұл зерттеудің нәтижесі «Science Advances» журналында жарияланған.

Ғалымдар математикалық модельдеу негізінде адамның жас ерекшеліктерін ескере отырып, пандемияның қалай өзгеретінін, сондай-ақ коронавирусты жұқтыру және одан қайтыс болу сценарийлерін зерделеп шыққан.Зерттеуге сәйкес, алдағы уақытта ересек адамдардың коронавирусты жұқтыру көрсеткіші төмендейді.

Университет мамандары қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мезімді, яғни 1, 10 және 20 жылда болатын аурудың динамикасына болжам жасады. Осы орайда ғалымдар Қытай, Жапония, Еуропа, Испания, Италия, АҚШ, Бразилия және тағы басқа елдердің демографиялық ерекшеліктерін де ескерген. Нәтижесінде, болашақта инфекция жұқтыру қаупі балалар арасында жоғары болатыны анықталған.

Олардың дерегінше, тұмауды қоздыратын вирустар мен коронавирустар да дәл сондай өзгеріске ұшыраған. Мысалы, 1889-1890 жылдары "азиялық тұмау" немесе "орыс тұмауы" болған болатын. Соның салдарынан миллион адам қайтыс болған. Олардың басым бөлігі – 70 жастан асқандар екен. Ал осы пандемия «HCoV-OC43» вирусынан басталды деген болжам бар. Кейінннен ол жай тұмау вирусынан айналып, көбінесе 7-12 айлық балаларға жұққан екен. Сондай-ақ, ересек адамдарда «SARS-CoV-2» вирусына қарсы қажетті иммунитет болмаса, қазіргі коронавирус қайта-қайта жұға беру қаупі жоғары екендігі белгілі болған.


Барлық жаңалықтар