• Басты
  • АҚШ елшісі: Интернет қолжетімділігі жөнінен Қазақстан аймақтағы жетекші мемлекет
7 Ақпан, 2020 11:04

АҚШ елшісі: Интернет қолжетімділігі жөнінен Қазақстан аймақтағы жетекші мемлекет

Елордада қазақ журналистиканың мәселелері сөз болатын QazForum-2020 қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың IV форумы өтіп жатыр. Аталған форум интернет пен бүкіләлемдік диджитализация заманында дәстүрлі БАҚ рөлі әлсіреді, алайда жаңа медиа тарих барысын айшықтай ала ма? Олар журналистиканың дәстүрлі үлгілерін толығымен алмастыра ала ма? Бүгінгі таңда Қазақстан тарихын кімдер жасап жатыр деген сауалдарға жауап іздеуді мақсат етіп отыр. Форумға қатысқан АҚШ Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Уильям Х. Мозер Қазақстан үкіметі қазақ тілінің аясын кеңейтуде белсенді жұмыс істеп жатырғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

АҚШ елшісі:  Интернет қолжетімділігі жөнінен Қазақстан аймақтағы жетекші мемлекет

Елшінің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ тілді ортаның, тіпті көшеде қазақ тілінде сөйлейтін азаматтарды кездестіру мүмкін емес.

"Qazforum осыдан төрт жыл бұрын қазақ тілді ақпарат құралдарының өкілдері мен қазақша онлайн контент жасаушылардың басын біріктіріп, бар мәселені талқылау үшін құрылған болатын. Мен бірнеше жылдан бері осы елде тұрамын. Қазақ тілінің аясы кеңейіп келе жатыр,  әсіресе,  жас ұрпақтың арасында қазақ тілі кең қанат жаюда. Осыдан 20 жыл бұрын Алматыда көшеде қазақ тілінде сөйлейтін адамды кездестіру мүмкін емес болатын. Бүгін үлкен өзгерістің орын алғаны көзге көрініп тұр. Қазіргі таңда 4 млн-нан астам қазақстандық азамат ақпаратты қазақ тілінде алғысы келеді екен",- деді елші.

Сонымен қатар ның айтуы бойынша,  қазақ тілінің кең таралуына қазақ билігі де үлес қосып отыр.

"Қазақстан үкіметі қазақ тілінің аясын кеңейтуде белсенді жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 500-ге жуық қазақ тілді ақпарат құралдары бар. Менің ойымша, қазақ тілді контент өндіруші ақпарат құралдарына жарнама жетіспейді. Осы мәселені қарастыру керек",  -  деп атап өтті ол.

Сонымен бірге елші өз сөзінде Қазақстан аймақтағы интренеті қолжетімді жетекші мемлекет екендігін айтты.

"Қазақстан көптілді қоғам. Бірақ қазақ тілінің аясы кеңейіп жатқвнын баса айтқым келеді. Интернет саласында да жақсы даму үстінде.Мәмелен, интернет қолжетімділігі жөнінен Қазақстан аймақтағы жетекші мемлекет. Оған дәлел ретінде 90 пайыз қазақстандықтардың интернетті қолдануға мүмкіндігі бар. Бұл қоғамды дамыту бағыттарының бірі деп айтса болады",  -  деді  АҚШ елшісі Уильям Х. Мозер.

Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі кездесу Қазақстандағы онлайн медианың дамуына септігін тигізбек.

Айта кетейік, аталмыш форумға қазақ тілді журналистер, ақпарат саласының мамандары,  редакторлар,  саясаттанушылар қатысуда.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды