• Басты
  • А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік
29 Қазан, 2019 12:24

А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бүгінгі полиция азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналуы тиіс" екенін атап өтті. Жолдаудың осындай негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін көлік полицейлері бірқатар іс-шара өткізуді қолға алды. Соның бірі елордада өтіп жатқан "Мен полицей боламын!" форумы. Форумға қатысып, алғашқылардың бірі боп сөз алған ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы,  полиция полковнигі Сайтбеков Айдар халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшкендігі жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік

"Бұрынғы полиция мен қазіргі полицияны салыстыру мүмкін емес. Біз де даму үстіндеміз. Салада бірқатар реформа жасалып жатыр. Реформамызда 9 бағытты айқындап алдық. Аттестация мәселесі. Әлеуметтік жағдай бойынша, полицейлердің жалақысы өсіп жатыр. Қазіргі күні жақсы деңгейге жетті. 150 мыңнан басталады. Үйленіп, балалы-шағалы болған жағдайда, үстіне қаржы қосылады",- деді ол.

Сондай-ақ, полиция полковнигі халықпен жұмыс істеудің жаңа форматтарына тоқталды.

"Полицияда тек заңгерлер қызмет атқарады деп ойламаңыздар. Бізде IT мамандары, педагогика саласының мамандары да жұмыс істей алады. Халыққа жақын болып жатырмыз, тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Фронт-офистер ашылып жатыр. Республикамызда 239 фронт-офис жұмыс істеп жатыр. Ел бойынша күн сайын 5 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетілуде. Ай сайын "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы өткізіледі. Биылғы жылы 120 мыңнан астам адамды қабылдап, кеңес алды",- деді Айдар Сайтбеков.

IMG-20191029-WA0003.jpg

Ал,  жиынға қатысқан Көліктегі ПД бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеевтің айтуынша, аталған форумда түлектер үшін жұмыс табуға, талапкерлер үшін оқуға тапсыруға қандай құжаттар керегінен толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік бар.

"Министрліктің бастасымен соңғы курстарды оқып жатқан студенттерді жинап, форум өткізіп отырмыз. Кадрлық қызметкерлер бар бұл жерде, оқуға тапсырғыларыңыз келсе, сіздер үшін үлкен мүмкіндік. Қандай құжаттар керектігін осы жердегі мамандардан сұрап, білсеңдер болады",-деді мекеме басшысы.

IMG-20191029-WA0005.jpg

Сонымен қатар, кадр саясатының басшысы Рустем Ілясов аталған форумның мақсатына тоқталып өтті.

"Аталған форумның мақсаты – ішкі істер органдарының қызметі туралы оң көзқарас қалыптастыру, ІІО қызметкері мамандығының, полицияның беделін арттыру, жастарды ішкі істер органдарында қызмет етуге қызығушылығын ояту, патриоттық рухты тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және халықпен кері байланыс орнату",- деді ол.

Бұдан бөлек, форум кезінде Медиаорталықтың холында департаменттің қызметі туралы презентация көрсетіліп, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған қызметкерлер мен  адамдарды түрлі  қауіп-қатерден құтқарған ержүрек полицейлер туралы фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Департаменттің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері нысанды киім-кешек үлгілерімен және арнайы қару-жарақ, оқ-дәрілерді көрсетіп, таныстырды.

IMG-20191029-WA0002.jpg

Сондай-ақ, іс-шара барысында қонақтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, басшылықтан тікелей ІІО-ға қызметке түсуге қатысты, ІІМ-нің реформасы, халықтың полицияға деген сенімін арттыру және тағы басқа мәселелерге қатысты толық жауаптарын алды. 

Айта кетейік,  форумға Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бекеев Оңал Ботайұлы, ҚР МҚІА Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының бас директоры Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, ҚР ІІМ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, осы іс-шараны ұйымдастыруға астаналық жоғарғы оқу орындарынан еріктілер тартылды. 

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды