• Басты
  • А.Сарқұлов: "Қазақстанның Даму Банкі" ҚР экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды
29 Қаңтар, 2020 13:01

А.Сарқұлов: "Қазақстанның Даму Банкі" ҚР экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды

Өткен жылы "Қазақстанның Даму Банкі" Қазақстан Республикасы экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды. Бұл туралы банктің 2019 жылғы қорытындылары мен 2020 жылға арналған мақсат-міндеттерімен таныстырған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Сарқұлов: "Қазақстанның Даму Банкі" ҚР экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды

Абай Сарқұлов баяндамасында ҚДБ-ның миссиясы - елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру жолымен ұлттық экономиканың тұрақты дамуына көмектесу екендігін атап өтті.

"2019 жылы "Қазақстан Даму Банкі" Қазақстан экономикасына 481 млрд теңге инвестиция салды, ал тікелей кредиттеу шеңберінде Банк жалпы сомасы 436,5 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жобаны және шикізаттық емес салалар кәсіпорындарының 3 экспорттық операциясын қаржыландыруды мақұлдады. Атап айтқанда, олардың қатарында Қапшағай қаласындағы қуаты 100 МВт СЭС құрылысы, "Сарыарқа" магистралды газ құбырының құрылысы, Шымкент қаласындағы метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыттың құрылысы, Ақтоғай КБК қайта өңдеу қуаттарын кеңейту, ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қол жетімділікпен қамтамасыз ету,  Ақмола облысындағы бройлер өсіретін құс фабрикасының 2 кезеңінің құрылысы секілді ірі жобалар бар", - деді басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасының айтуынша, экономика сұранысына жауап ретінде Даму банкі 2016-2019 жылдары қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтқан. Сонымен қатар ол өткен жылдың қорытындысы бойынша, Даму банкінің несие қоржынының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға өскенін атап өтті.

"36,5 млрд теңге сомасында кредиттеуге 14 өтінімнің мақұлданды. Банк тарапынан қолдау алған 8 кәсіпорынды жаңғыртылды және пайдалануға енгізілді. 329,5 млрд теңге сомасында қорландыру тартылды, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражатынан – 131,5 млрд теңге, ҚР Ұлттық Банкінен – 20 млрд теңге, нарық қаражаты – 177,9 млрд теңге. 2019 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша аудиттелмеген шоғырландырылған таза пайда 7,5 млрд теңгені құрады", - деді Абай Сарқұлов.

Бұдан басқа басқарма төрағасы өткен жылы іске қосылған кәсіпорындарға тоқталды. Оның айтуынша, олардың іске қосылуы еліміздің түрлі саласын дамытуға серпін берген. 

"Былтыр бірқатар кәсіпорын іске қосылды. Олардың қатарында Қарағандыдағы "YDD Corporati" ЖШС-ның ферросилиций өндіретін жоғары технологиялы зауыты, Шымкенттегі "Asia Trafo" ЖШС-ның күш трансформаторларын жасайтын зауыты, "Сарыарқа" магистралды газ құбыры, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешені салынды", - деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол банк жаңартылатын энергия көздері саласындағы құзыретін де белсенді түрде арттыратынын айтып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы Қапшағай қаласындағы "Nurgisa" күн электр станциясы, Түркістан облысындағы "Жылға" күн электр станциясы және Ақмола облысындағы "Астана EXPO-2017" жел электр станциясы іске қосылған.

Сондай-ақ Даму Банкінің кредиттеу нарығында ерекше орын алатынын және жоғары тәуекел дәрежесі бар өнеркәсіп пен өндірістік инфрақұрылым саласындағы капиталды қажетсінетін жобаларды кредиттеуіне байланысты коммерциялық қаржы ұйымдарымен бәсекелеспейтінін атап өту қажет екендігін атап өтті.

"Қажетті қорландыру базасын қамтамасыз ету үшін Даму Банкі капиталдың ішкі нарығында да, халықаралық нарығында да әртүрлі қарыздану құралдарын – облигациялар шығару мен орналастыруды, банкаралық және бюджеттік кредиттер тартуды, депозиттер тартуды, кредит желілерін игеруді пайдаланады. Даму Банкі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде халықаралық қаржы институттарымен, шетелдік инвесторлармен, экспорттық кредиттік агенттіктермен өзара іскерлік жаңа қатынастар орнату және қалыптасқандарын қолдау саласында белсенді саясат жүргізеді", - деді Абай Сарқұлов.

Сонымен бірге оның айтуынша, өткен жылы жасалған келісімдер Даму Банкіне халықаралық қаржы институттарынан қолайлы баға параметрлері бойынша қаржыландыру тартуға, сондай-ақ инвесторлық базаны ұлғайтуға және әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа ол Даму Банкінің қызметі екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыру үшін жеткілікті дәрежеде жоғары коммерциялық тартымдылықты иеленбейтін жүйелік және стратегиялық жобаларды іздеу және қаржыландыру болып табылатынын айтып кетті. Сондай-ақ оның айтуы бойынша, қаржы нарықтарындағы сыртқы жаңа сын-тегеуріндерге, өзгерістерге байланысты ҚДБ-ның кредиттік қызметі мен бизнес-моделі ел экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытудың ағымдағы сұраныстары мен кредит нарығының әртүрлі қаржы өнімдеріне деген қажеттіліктеріне орай үздіксіз қайта қаралып отырады. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды