- Басты
- Жаңалықтар
- А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Сайлау күніндегі шағымдар мен бұзушылықтар» туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин сайлау басталғалы бері дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағымдар мен арыздар түспегінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
ҚР Бас прокурорының аға көмекшісінің мәліметінше, бүгін таңнан осы уақытқа дейін прокуратура органдарына қандай да бір, оның ішінде дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағымдар мен арыздар түспеген. Дегенмен, жекелеген тұлғалар әлеуметтік желілерде жасанды резонанс тудыру мақсатында «бүгін орын алған деп» сайлау заңнамасын бұзушылықтары туралы жалған материалдарды таратып жатқанын атап өтті.
«Біз сол материалдардың дұрыс-бұрыстығын тексердік. Олардың қазіргі сайлау науқанына қатысы жоқ. Мәселен, WhatsApp мессенджері арқылы сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала қол қойған бюллетеньдер табылған бейнежазба таралған. Бұл одан бұрын өткізілген сайлау кезінде Нұр-Сұлтан қаласында сайлау учаскелерінің бірінде жүргізілген ескі жазба екені анықталып отыр”, - деді ол.
Сондай-ақ, Азамат Сарғазиннің сөзінше, Facebook әлеуметтік желісінде Алмас Байкадамос деген пайдаланушы «Бүгін сайлау комиссиясының мүшесі Қазақстанда бұрмалау басталды» деген пікірмен жәшікке бюллетеньдерді лақтырған бейнежазба орналастырған. Алайда материалдарды зерделеу нәтижесінде бұл бейне Ресей елдімекендерінің бірінде өткен сайлау екені дәлелденген.
Осындай жалған ақпараттардың болуына байланысты, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салып өтті. Сайлау процесі заңдылығын сақталуын қадағалау жалағасуда.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды