• Басты
  • А. Садырбай митингілердегі журналистердің рөлі туралы айтты
12 Наурыз, 2020 15:20

А. Садырбай митингілердегі журналистердің рөлі туралы айтты

Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай журналистердің  рөлі туралы Strategy2050.kz тілшісіне айтып берді.

А. Садырбай митингілердегі журналистердің рөлі туралы айтты
"Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер мен жеткіншектердің бейбіт жиналыстарға қатысу мәселесі осыған дейін де қызу талқыға түскен. Соңғы болған митингтерде кішкентай балалардың жүруі,жеткіншектердің қатысқанын білесіздер. Олардың қатысқаны,әрине,алаңдатады. Халықаралық ұйымдар бар. Олардың арнайы заңдары мен талаптары ескеріле ме деген сұрақтар болды",-деді Асхат Садырбай. 

Ол атап өткендей, осы мәселені осыған дейін Ұлттық кеңес мүшелері талқылады.

"Қазір бұл мәселе қандай қалыпқа түсетіні маған да қызық",-деді ол.

Оған қоса,Асхат Садырбай журналистердің рөліне қатысты да өз пікірін білдірді.

"Журналистер бойынша арнайы бап тұр.  Алайда,оны осы митингтер туралы заңға енгізу қажеттілігі бойынша сұрақ туындайды. Себебі,журналистердің құқықтары мен қызметтері туралы заманға сай өзгерістер қажет. Бірақ,оны митинг туралы заң жобасына енгізу қаншалықты қажет? Себебі,БАҚ туралы заң бар ғой. Ол өзгертулерді сол заңға неге енгізбейміз деген сұрақты министрге қойғым келеді",-деп түйіндеді А.Садырбай.

Айта кетейік,Мәжілісте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "ҚР-да бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобаларының тұжырымдамалық тәсілдерін таныстырды.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды