• Басты
  • А.Райымқұлова: Мектептердің 37 пайызында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді
24 Ақпан, 2020 10:56

А.Райымқұлова: Мектептердің 37 пайызында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді

Іс жүзінде мектептердің 37 пайызында оқу бағдарламалары аясында қажет спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді. Бұл туралы үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Райымқұлова: Мектептердің 37 пайызында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді

Министрдің айтуынша, мектептердегі спорттық кешендердің жағдайы мәз емес. Олардың көпшілігі дене шынықтыру пәні бойынша міндетті сабақтарды өткізуге мүмкіндік жоқ.

"Іс жүзінде мектептердің 37 пайызы оқу бағдарламалары аясында қажет спорттық құрал-жабдықтарға деген тапшылығы сезіледі. 1970 мектепте спорт залдары жоқ. Ал ауылдардағы спорттық сауықтыру кешендерінің желісі ауыл тұрғындарының тек 30 пайызын ғана қанағаттандырады. Бұл жағдай спорт секцияларының жұмысы мен жастардың спорттық клубтарын құру былай тұрсын, дене шынықтыру пәні бойынша мiндетті сабақтарды толық өткізуге мүмкіндік бермейді", - деді министр.

Сол себепті министр бүгінгі таңда мектептен тыс спорттық іс-шараларды өткізу, қосымша білім беру мұғалімдерін тарту, мектептің спорт күнтізбесін қалыптастыру, балалар лигасына мектепішілік жарыстар, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық финал желісінде балалар арасында танымал спорт түрлерін енгізу үшін әлі де жұмыстар жүргізу қажет екендігін атап өтті. 

Сонымен қатар ол өткен жылдың қорытындарымен бөлісті. Оның сөзінше, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамытудың шеңберінде 2019 жылы жалпы саны 6,8 млн адамды қамтыған 53 мың іс-шара өткізілген.

"Бұл ретте аталған іс-шараларды насихаттауға Қазспорт телеарнасының қосып отырған үлесі зор. Өткен жылы материалдарды үздіксіз жариялап отырды. Сондай-ақ бұл бағытта республикалық және аймақтық деңгейде әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың сынақтарын тапсыру еңбек ұжымдарында, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында спорт түрлерінен дәстүрлі түрде спартакиадалар өткізу қамтамасыз етіліп келеді. Жалпы 2019 жылы сынақтарды тапсыруға 5,5 млн-ға жуық адам қатысты", - деді Ақтоты Райымқұлова. 

Сондай-ақ министр дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар санын 2025 жылға қарай 35 пайызға арттыру шараларын қабылдауды ұсынды.

"Бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар санының тұрақты өсуі бойынша олардың саны 5,7 млн адамды немесе Қазақстанның 30 елі қатарына ену үшін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар санын 2025 жылға қарай 35 пайызға арттыру шараларын қабылдауымыз қажет. Себебі бұқаралық спорт миллиондаған адамдарға олардың физикалық қасиеттері мен дене мүмкіндіктерін жақсартуға, денсаулығын нығайтып, өмірлерін жақсартуға мүмкіндік береді", - деді ол. 

Бұдан бөлек министр өз сөзінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірнеше шараны қолға алуды ұсынды.

"Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық спорттық түрлері бойынша міндетті компонентті енгізу. Дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс сабақтарды жүргізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы енгізу. Халықпен жұмыс істеу үшін спорт нұсқаушыларын штаттық бірліктермен қамтамасыз ету. Спорттық медицина және бейімделген дене шынықтыру саласында маманды даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау. Оқушылар арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету арқылы спорттық жарыстар санын арттыру қажет", - деді министр.

Сонымен бірге оның айтуынша, 2020 жылға арналған заң жобасы дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы халықтың салауатты өмір салтына ұмтылысын қалыптастыруды көздейді.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды