• Басты
  • А.Райымқұлова: Қазақстанда өтетін 15 халықаралық спорт жарысының мерзімі кейінге шегерілді
2 Сәуір, 2020 11:18

А.Райымқұлова: Қазақстанда өтетін 15 халықаралық спорт жарысының мерзімі кейінге шегерілді

Қазақстанда өтетін 15 халықаралық спорт жарысының мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы мəдениет жəне спорт министрлігінің төтенше жағдай кезеңінде қолға алған жобаларын таныстырған онлайн баспасасөз мәжілісінде  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz  тілішісі.

А.Райымқұлова: Қазақстанда өтетін 15 халықаралық спорт жарысының мерзімі кейінге шегерілді

Министрдің айтуынша, барлық спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен өтетін спорттық жарыстардың уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, өзгертлді. 

"Төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған 15 халықаралық спорт жарыстарының мерзімі кейінге шегерілді. Сонымен қатар барлық спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен спорттық жарыстардың өткізу уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, өзгертлді. Өздеріңіз білетіндей төрт жылдықтың  басты бәсекесі саналатын жазғы олимпиада ойындарының да келесі жылға ауыстырылғанын білесіздер. Бұл ретте біздің спортшылар дайын жұмыстарын жалғастыра береді. Ұлттық олимпиада комитеті түрлі федерациялармен бірге атлеттеріміздің жаттығу кестесіне өзгерістер енгізді", - деді министр.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қазақстандық спортшылардың барлығы дерлік үй жағдайында дайындықтарын пысықтап, жаттығуларын жасауда.

Сонымен қатар министр төтенше жағдайға байланысты туристік қызметтердің қалай жүзеге асатынын айтып өтті.

"Туристік қызмет туралы заңның 17-бабына сәйкес туристердің қаражатын туроператорлар іс жүзінде шығарған шығындарын шеге отырып қайтарады. Сонымен бірге туроператорлар да өз тарапынан туындаған жағдайынан шығудың түрлі жолдарын ұсынады. Олардың арасында демалыс күндерін ауыстыру мүмкіндігі де бар, яғни сапарды басқа мерзімге қалдыруға болады. Бүгінгі күні осындай мәселелерді қарастырып, жұмыстанып жатырмыз", - деді ол.

Оның сөзінше, қазіргі жағдайды отандық туризмді дамытуға мүмкіндік деп қарап, түрлі жобалар мен туристік пакеттер дайындау керектігіне тоқталды. 

"Министрлік тарапынан мәселені оңтайлы шешуі мақсатында Индустрия жіне инфрақұрылымдық даму минситрлігімен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өтті. Онда билеттерді айыппұлсыз қайтару туралы шешім қаблданған еді. Сонымен бірге біз турагенттермен заңнамалық бағыттағы жұмыстарды да белсенді жүргізіп келеміз. Сондықтан министрлік турагенттермен төтенше жағдайдан кейінгі ішкі туризмді дамытуға екпін салу мәселелерін пысықтауда", - деді министр.


Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
66.249.66.87, 192.168.88.100