• Басты
  • А.Пірімқұлов: Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі
27 Қаңтар, 2020 18:22

А.Пірімқұлов: Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі

Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі. Бұл туралы кеңейтілген алқа отырысында министрліктің 2019 жылғы жұмыстарын қорытындылап, 2020 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталған Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғат ресурстарын вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Пірімқұлов: Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі

Ол өз сөзінде аталған үш аймақтағы экологиялық проблема тек өңірдің ғана емес, республикалық деңгейде назар аударуды қажет ететін мәселе екендігін атап өтті. Сондай-ақ оның айтуынша, қоршаған ортаны қорғауды қазірден бастап қолға алмаса, 2030 жылға қарай жағдайдың одан әрі ушығып кетуі әбден мүмкін.

"Экология проблемасы  - саяси, әлеуметтік мәселелермен қатар күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Республиканың барлық аймағын қамтитын экологияның екі маңызды мәселесін атап көрсеткім келеді. Олар атмосфералық ауаның сапасы мен қатты тұрмыстық қалдықтыр мәселесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшері 2,4 млн тонды құрады. Ал көмір станциялары мен электр энергиясынан 900 мың тонна, тау-металлургия өндірісінен 700 мың тонна, транспорт пен ауыл шаруышлығынан 300 мың тонна қалдықтар бөлінген. Егер де мұның алдын алу үшін шаралар қабылданбаса, болжам бойынша, 2030 жылға қарай қалдықтың көлемі 3,6 миллон тоннаны құрайды. Қалдықтардың негізгі үлесі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі болып отыр", - деді вице-министр.

Сонымен қатар оның сөзәне сүйенсек, аталған үшеуінің ішінен Павлодар облысы жылына 717 мың тонна қалдық шығарып, алғашқы орында тұр. 

"Аймақтағы қалдық шығару көлемі соңғы үш жылда 14 пайызға өскен. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып жүзеге асырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары әзірге оң нәтиже бермей отыр. аталған облыстардағы бұл мәселені шешу үшін, барлық тарап бірлесе отырып іске асыру керек. Осы орайда, атмосфераға қалдық шығаратын ірі кәсіпорындарға талап күшейтілмек. Бұдан былай олар мықты қолжетімді технологиян пайдалануы тиіс. Ол ірі кәсіпорындардың қатарында "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, Қазақстан алюминий зауыты және "Екібастұз ГРЭС-2" станциясы бар", - деді Ахметжан Пірімқұлов.

Сонымен бірге ол қазіргі таңда мемлекеттік экологиялық бақылау күшейтілгенін айтып өтті. Сондай-ақ Теміртау, Қарағанды, Жезқазғандағы экологиялық мәселелер тек аймақты алаңдатуы керек мәселе емес, республикалық деңгейдегі мәселе деді ол.

Бұдан басқа жиынға қатысқан Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев былтыр  дайындалған даңа Экологиялық кодекске тоқталып өтті. Оның айтуынша, жаңа заң жобасына 2000-ға жуық өзгеріс пен толықтыру енгізу ұсынылған.

"Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасымен Экологиялық кодексінің жобасы әзірленіп, парламент мәжілісіне енгізілді. Министрлікпен оны дайындау үшін ауқымды әрі қарқынды жұмыстар жүргізілді. Жұртшылықпен және бизнес қауымдастықпен оны талқылау бойынша кездесулер өткізілді. Айта кету керек, кодекске 2000-ға жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс түсті. Жобаның 40-50 пайызы өзгерді", - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, қалдықтар мен жұмыс істеу саласында өнеркәсіптік қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша көрсеткіш біртіндеп өсіп келеді. Алайда, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың индикаторларына сәйкес өңдеу тереңдігін 40 пайызға дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау қажет деді ол. Ол атап өткендей бұл үшін "Waste energy" тетігін енгізу мәселесін пысықтау қажет.

Сонымен бірге министр өз сөзінде бірақатар тапсырма берді. Оның айтуынша, өткен жылы министрлік халықтың экология мәселесінде сауатын ашу үшін бірқатар шара атқарған. Оның сөзіне сүйенсек, бұл жұмысты еріктілер жылы аясында жалғасады.

"Бізге қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауды үйрету жөніндегі "таза Қазақстан - таза әлем" жалпыұлттық жоспарды өткізу бектілді. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып экологиялық білім беру мәселесі бойынша жқмысты жалғастыру қажет және экологиялық сағаттар өткізуді тапсырамын", - деді  Мағзұм Мырзағалиев.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды