• Басты
  • А.Перуашев: Парламенттік оппозиция кез-келген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады
6 Мамыр, 2020 17:59

А.Перуашев: Парламенттік оппозиция кез-келген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады

Бүгін мәжіліс "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы ел президентінің  Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Осы орайда заң жобасына қатысты мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің пікірін білген едік. Оның сөзінше, парламенттік оппозиция кез-келген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

А.Перуашев: Парламенттік оппозиция кез-келген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев заң жобасының осыдан сегіз жыл бұрын дайындалғанын, президенттің тапсырмасынан кейін қазіргі талаптарға сай қайта әзірленгенін атап өтті.

"Заң жобасы былтыр желтоқсан айында президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. "Ақ жол" партиясы 2012 жылы дайындаған бұл заң жобасын дайындаған болатын, алайда ол кезде іске асыру қолымыздан келмеді. Сол заңды ОБСЕ жанындағы демократиялық институттары бойынша бюросына сараптамаға жібергенбіз. Кейін 41 баптан тұратын қорытындысын алдық. Мемлекет басшысы тапсырма бергеннен кейін құжатты қайта қолға алып, қазіргі талаптарға сай етіп жаңарттық. Бүгін мәжіліс отырысында мақұлданды", - мәжіліс депутаты. 


Оның сөзінше, елімізде бұған дейінгі заң жобасында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерде "оппозиция" деген ұғым болмаған. Қазіргі заң жобасына "парламенттік оппозиция" түсінігі енгізіліп отыр. 

"Парламенттік оппозиция деген ұғымның түсініктемесін Еуропалық комиссияның 2010 жылы қабылдаған демократиялық парламенттердегі оппозицияның рөлі жөніндегі ресми баяндамасынан алдық. Парламенттік оппозиция парламентке өткен, парламентте өзінің парламенттік фракциясын құрған саяси партиялар, бірақ көпшілікке кірмеген саяси партиялар. Бұл саяси партиялардың ерекшелігі билік жүргізетін саясаттан бөлек өзінің ұстанымы бар және өзінің ұсыныстарын жүйелі түрде жарялайтын, ұсынатын, жүргізетін ұйым. Кез-келген партия бұған кірмейді. Мәселен, кейбір партиялар парламентке кіріп, бірақ үндемей отырса, немесе билікті кез-келген мәселе бойынша қолдап отырса, онда бұл оппозицияға жатпайды", - деді Азат Перуашев.

Сондай-ақ мәжіліс депутаты аталған заң жобасында парламенттік оппозицияға бірқатар құқық берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа құжатқа енген түзету бойынша, парламенттік оппозицияның өкілдері сөз сөйлеген кезде оларды ешкім тоқтата алмайды.

"Парламенттік оппозицияның өкілдері сөз сөйлеген кезде оларды ешкім тоқтата алмайды деген талап қойып отырмыз. Өзіміздің басымыздан өткен. Бұрын "Ақ жол" партиясының депутаттарына кем дегенде 5-6 рет микрофонын өшіріп қоятын. Мысалы, мәжілістің жалпы отырысында жылдың ең маңызды құжатын қарастырған кезде сөз сөйлеуге мүмкіндік бермей, менің микрофонымды өшіріп қойды. Мұндай әрекеттерге біз жол бермеуіміз керек. Парламенттік оппозицияның өкілдері мен депуттары сөз сөйлеген кезде олардың сөзін тоқтатуға болмайтын талап енгізіп отырмыз", - деді ол. 


Сонымен қатар оның сөзіне сүйенсек, парламенттік оппозиция өкілдері үкіметтің қандай да бір жобасымен келіспесе, өзінің балама жобасын ұсынуға құқылы. Бұл құжат үкімет ұсынған заң жобасымен бір деңгейде қарастырылуы керек. 

"Парламентке түсетін заң жобаларының 90 пайызы үкімет дауындаған заң жобалары. Ал кебір заң жобалары бойынша парламент оппозициясының көзқарасы басқаша болуы мүмкін. Сол себепті парламенттік оппозицияға тағы бір құқық беріп отырмыз. Нақты бір үкіметтің заң жобасына парламенттік оппозиция өкілдері наразы болса, өзінің балама заң жобасын ұсына алады. Сонымен қатар парламенттік оппозиция ұсынған заң жобасы үкімет ұсынған құжатпен бірдей қарастырылуы тиіс", - деді депутат.


Бұдан бөлек Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік тыңдауды шақыруға құқықылы. Оның сөзіне сенсек, бұл қоғамдық проблемаларды парламент қабырғасында талқылауға, шешуге мүмкіндік бермек. 


"Парламенттік оппозицияға парламенттік тыңдауды шақыруға мүмкіндік, құқық беріп отырмыз. Қазіргі кезде парламенттік тыңдауды ұсынуға қабілетті, бірақ жетекші органдары қабылдай ма, жоқ па белгісіз. Парламенттік оппозиция сессиясында бір рет, ол жылына екі рет болуы мүмкін парламенттік тыңдауды шақыруға мүмкіндік беріліп отыр. Мұндай ұсыныстың мақсаты - қоғам талқылайтын, қоғамды алаңдататын поблемаларды ас үйде не көшеде ғана талқыламай, парламент қабырғасында талқылануы керек деп санаймыз", - деп түйіндеді ол.

Барлық жаңалықтар
167.114.101.80, 192.168.88.100