• Басты
  • Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
19 Маусым, 2020 18:01

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Бұған дейін ол "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтады.

2000-2001 жылдары "Интерфакс-Казақстан" Ақпараттық агенттігі" ЖШС тілші болып жұмыс істеді;

· 2001-2007 жылдары "Қазақтелеком" АҚ-да президент кеңесшісі, "Қазақтелеком" АҚ атқарушы директор, "Корпоративті сатулар дирекциясы" филиалы бас директорының бірінші орынбасары, "Корпоративтік сатулар дирекциясы" филиалының Бас директоры болып жұмыс істеді;

· 2007-2011 жылдары бірқатар телебайланыс компаниясын басқарды: "CaTeлком" ЖШС, "TNS Plus" ЖШС, "2 Day Telekom" ЖШС;

· 2011-2014 жылдары – "Altyntau Resources" АҚ Басқарушы директоры;

· 2015-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" Басқару компаниясы" ЖШС Бас директордың орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды;

· 2016 жылғы шілде-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директоры болды;

· 2016 жылғы қазан - 2017 жылғы ақпан аралығында "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет істеді;

· 2018-2019 жылдары "Smartway Systems" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болды.
Барлық жаңалықтар