• Басты
  • Ақпарат министрлігі жаңа телеграм арнасын іске қосты
22 Мамыр, 2020 13:33

Ақпарат министрлігі жаңа телеграм арнасын іске қосты

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телеграм арнасын іске қосты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Ақпарат министрлігі жаңа телеграм арнасын іске қосты

«Құрметті, оқырман қауым!Өздеріңізге арналған Телеграм-арнамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Телеграм-арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады", - деді министр.

бал.jpg

"Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады. Барша ұсыныс-тілектеріңізді aqparatqogam@gmail.com жібере аласыздар. Оларды, біз, міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескеретін боламыз.Көріскенше күн жақсы болсын», - деген телеграм арнасының ашылуына қатысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

 

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100