• Басты
  • Вице-министр "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына жұмсалған қаржыға қатысты пікір білдірді
7 Сәуір, 2020 12:46

Вице-министр "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына жұмсалған қаржыға қатысты пікір білдірді

Соңғы екі жылда "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына 41 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы төтенше жағдай кезінде интернет желісі мен электронды үкімет порталының жұмысына арналған баспасөз мәжілісінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Вице-министр "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына жұмсалған қаржыға қатысты пікір білдірді

Бұған дейін әлеуметтік желілелерде "Цифрлы Қазақстан" жобасын жүзеге асыру үшін екі жылда жүздеген миллиард қаржы жұмсалған деген ақпарат тараған еді. Осыған қатысты вице-министр пікір білдірді.

"Соңғы екі жылда "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына 41 млрд теңге бөлінген. Бұл соманың 11,1 пайызы, яғни 4,6 млрд теңгесі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тиесілі. Сонымен қатар, Министрліктің бюджетіне тікелей енгізілмеген және "Цифрлық Қазақстан" жобасының шығындармен қатысы жоқ мемлекеттік органдардың ағымдағы инфрақұрылымын қолдауға бағытталған қаражат қарастырылған", - деді вице-министр.

Cонымен қоса Абылайхан Оспанов ХҚКО-нің қызметіне және бюджетіне тоқталып өтті. 

"ХҚКО қызметін ұстауға және ұйымдастыру үшін 19,5 млрд теңге бөлінеді. Оның 70 пайыздан астамы ХҚКО-ның 10 974 қызметкеріне жалақы төлеуге жұмсалады", - деді вице-министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, министрлік электронды үкімет жұмысының дұрыс ітемеуіне байланысты бірқатар шараны қолға алғанын атап өтті.

"Жалпы барлығыңыз электронды үкіметтің қызметін алуда бірқатар мәселеге тап болдыңыздар. Біз мүмкіндігімізше тезірек қимылдап, серверлік ресурстарды көбейтуге тырысытық (қазір 2 еседен астам), байланыс арналарын және қызметкерлердің санын арттыру үшін шаралар қабылдадық. Қазіргі уақытта электронды үкімет порталы тұрақты жұмыс істеп тұр", - деді ол. 

Оның сөзінше, министрлік төтенше жағдай кезінде барлық ресурсты 1 981 ядроға және 3 291 ГБ есептеу ресурстарына және дискілік кеңістіктің 266 ТБ дейін арттырған. Алайда, қолданыс аясы азайған кезде, бұл ресурстардың да төмендейтінін атап өтті.

"Атқарылып жатқан жұмыстың басты мақсаты бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен сервистілікті арттыру, бұл қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілердің өзара іс-қимылы кезінде наразылық пен жанжалдар деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді және біздің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді вице-министр. 

Бұдан бөлек Абылайхан Оспанов әлеуметтік көмек алу мәселесіне тоқталып өтті. Ол азаматтар үшін өтініш беруге болатын ресми порталдарды атады.

"Қазіргі уақытта азаматтар egov.kz порталы, 42500.enbek.kz сайты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған тізімдер арқылы автоматты тағайындау және SMS арқылы қызметтерді проактивті түрде ұсыну (1414) арқылы өтініш бере алады. Кеше қосымша қызмет көрсету үшін телеграм-бот (@ Help42500Bot) іске қосылды. Сонымен бірге азаматтарға ыңғайлылы болу үшін аймақтар бойынша 18 телеграм-бот құрдық. Азаматтар кез-келгенін таңдап, өтінім бере алады", - деді ол.

Сонымен қатар ол сілтемеге өтіп қана өтініш толтыруды керегін қадап айтты. Өйткені жазылушыларының санын көбейту мақсатында көптеген каналдар барын еске салды. Сондай-ақ ол қазірге дейін 1 890 000 өтініш электронды түрде, 151 мың проактивті, 1,738 мың портал арқылы берілгенін атап өтті. Ал 198 000 азаматқа әлеуметтік төлемақы тағайындалды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды