• Басты
  • А.Оспанов: Отандық IT компаниялар қызметтерін шетелге экспорттап жатыр
25 Қазан, 2019 13:28

А.Оспанов: Отандық IT компаниялар қызметтерін шетелге экспорттап жатыр

Елордада Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында вице-минситрлер Қазақстанның сандық трансформациясын, ІТ-қоғамдастықпен бірлесіп цифрлық жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдардың ІТ-нарығымен ынтымақтастығының табысты кейстерін, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиындығы туралы және ІТ-нарық мемлекетке қалай көмектесе алатынын талқылады. Жиынға қатысқан ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов министрліктің цифрландыру саласында істеп жатқан жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

А.Оспанов: Отандық IT компаниялар қызметтерін шетелге экспорттап жатыр

"Қазіргі күні Қазақстанда бес мыңға жуық IT компаниялар тіркеліп, өз жұмыстарын істеп жатыр. Бұлар телекоммуникация, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етпейді, нақты осы саламен айналысады. 2018-2019 жылдары  IT нарығына салынған инвестиция 31 млрд теңгені құрады. Ал, 2018 жылғы көрсеткіш бойынша, IT нарығындағы өндірісі көлемі 686 млрд теңгені құраған болатын",- деді ол.

Сондай-ақ, ол қазақстандық IT компаниялар қызметтерін шетелге экспорттап жатқанына тоқталды. 

"Бүгінгі таңда көптеген отандық компаниялар IT қызметтерін шетелге экспорттауда. Олардың қатарында Испания, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ секілді алпауыт мемлекеттер бар. Испания алғашқы орында тұр",- деді Абылайхан Оспанов. 

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, ашық талқылау мемлекеттің отандық ІТ-нарықпен тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі.

"Біз цифрлық жобаларды оларды жүзеге асыруға көмектесетін адамдармен талқылау үшін бүгін осындай жиын ұйымдастырдық. Осындай кездесулерде IT-компаниялар мемлекеттік органдардың жоспарланған жобалары туралы біле алады, өздерінің ұсыныстарын, дайын IT-шешімдерін ұсына алады, техникалық құжаттарын жасауға қатысады. Мұның бәрі цифрлық экономикаға көшуге ықпал етеді", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари білім берудің цифрлық трансформациясына кеңірек тоқталып, осыған дейін қолға алынған жобалар туралы айтып, осы саладағы әлі де шешімін таппаған мәселелер туралы айтып өтті.

"Білім берудің цифрлық трансформациясы дегеніміз не? Бұл дербестендірілген, бейімделген білім. Өткен жылы біз цифрлық қоржынды бекіттік. Сол кезде біз ата-аналарға таңдау бердік. Мәселен, оқуышылар оқулықтарын сыныпта және үйде қалдырып, электрондық кітаптар арқылы  сабақтарын оқи алады. Бұл бастама оқулықтардың электрондық нұсқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, проблема да жоқ емес. Еліміздің үш өңірінде, Нұр - Сұлтан, Алматы және Түркістан облысы бойынша жұмыс істеуіміз керек. Білім беру мекемелерінде, балабақшаларда есепке алуды автоматтандыру қажет", - деді Рүстем Биғари.

Бұдан бөлек,  фооумға қатысушылар вице-министрлерге сұрақтар қойып, сандық шешімдер арқылы азаматтардың өмірін жақсарту туралы идеялармен бөлісті. 

Айта кетейік,  24-25 қазанда елордада Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. Digital Bridge - бұл тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді талқылау, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында сандық көпір құру үшін өткізілетін интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер мен сандық БАҚ үшін жыл сайынғы өткізілетін форум.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды