• Басты
  • А.Оспанов: 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді
30 Қазан, 2019 11:48

А.Оспанов: 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді

Елімізде алдағы айдың 1-нен бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Бұл туралы мекенжай анықтамасынан бас тарту жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

А.Оспанов: 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді

"Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Мемлекеттер қызметтер реестерінен алынып тасталады. Ешқандай мемлекеттік орган, мектеп, медициналық мекемелер азаматтардан мекенжай анықтамасын келер айдың 1-нен бастап сұрата алмайды. Оны азаматтарға арналған үкіметтің филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі жоқ", - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, азаматтарға аталған анықтама қажет болған жағдайда азамттар тіркеуге тұрған мекенжайларын электронды үкімет порталы арқылы немесе egovemobile мобильді қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.  

"Керек болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын электронды үкімет порталы арқылы немесе egovemobile мобильді қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.  Мемлекеттік органдарға келетені болсақ, олар бұл мәліметті жеке тұлғалар деректер базасы  мен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады", - деп атап өтті Абылайхан Оспанов. 

Сондай-ақ, Көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова мекенжай анықтамасынан бас тарту себебіне тоқталып, бұдан былай аталған анықтама қандай азаматтарға берілетінін айтып өтті.

"Бұл осы уақытқа дейін талап етіліп келді. Бірнеше жылдан бері миллиондаған мекенжай анықтамасы берілген. Биылдың өзінде 9 миллион анықтама беріліпті. Бұл қаржылық тұрғыдан алсақ та шығын, физикалық жағынан алсақ та қызметкерлер үшін салмақ. Осындай мәселелерді ескере отырып, бүгін аталған анықтамадан бас тарту туралы мемлекеттік реестерге өзгертулер енгізілді. Бұдан былай тек шекара маңындағы елдімекендерде, атап айтқанда, Ресей мемлекетімен шектесетін аймақтарда тұратын азаматтарға ғана беріледі. Бұл Қазақстан мен Ресейдің келісімі бойынша", - деді Көші-қон қызметі төрағасының орынбасары.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды