• Басты
  • А.Мырзахметов: Елімізде импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады
17 Қаңтар, 2020 10:43

А.Мырзахметов: Елімізде импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады

Қазақстанда импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылмақ. Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Мырзахметов: Елімізде импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады

Оның айтуынша, аталған кеңестің басты міндеті – Үкімет алдына импортты алмастыру бойынша тиімді ұсыныстарды әзірлеу мақсатында өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласында табысты кәсіпорындардың тәжірибесін біріктіру. 

"Өндірісті көтеру арқылы сонда жұмыс істейтін азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін алдымен сұраныс керек. Сол себепті өнркәсіпке тапсырыс керек. Біз отандық кәсіпорынға, отандық өндіріске деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз қажет. Біз "Атамекен" басшылығы екі жылдан осы мәселені айтып жүрміз. Бізге шикізат емес саланы, өңдеу саласын дамыту керек болып отыр. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бірқатар шара жасалып жатыр, алайда шикізат емес өндіру саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11-11,5 пайыздан айпай тұр. Ал көбінесе шикізат саласында істейтін мекемелердің қазір алып отырған тапсырысы 45-55 пайызға ғана жетіп отыр. Өзінің мүмкіншілігін 55 пайызға дейін пайдалануда", - деді Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ оның айтуы бойынша, отандық өнеркәсіпке деген сұраныстың аздығынан қазақстандық кәсіпорындар мен мекемелер бірқатар шараны атқарала алмай отыр.

"Сұраныстың аздығынан біздің мекемелер модернизация жасауға, жұмысшылардың жалақысын көбейту, әлеуметтік жағдайды көтеру, техникалық мәселелерді шешуде қауқарсыз. Сол себепті өткен жылы Alageum Electric компаниялар тобы Бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла Қожабаев Импортты алмастыру жөніндегі кеңестің құру туралы ұсыныс айтты. Кеңесте осы салада жүрген барлық мамандар, басшылар жұмыс істейді. Мен осы кісіні кеңестің басшысы қызметіне ұсынып отырмын. Кәсіпкерлік саланы дамытуға тек мемлекет қана емес, кәсіпкерлер де мүдделі болуы керек", - деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасы.

Сонымен қатар басқарма төрағасы аталған кеңесті құру арқылы Үкімет және Ұлттық палата импорт үлесін төмендетуді мақсат етіп отырғанын атап өтті. Себебі оның сөзіне сүйенсек, соңғы жылдары импорт көрсеткіші едәуір өскен. Мәселен, 2016 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі тауарларының импорт көлемі 36%-ға өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 млрд АҚШ долларын құраған.

"Статистика комитетінің мәліметтері бойынша тауар нарықтарында 2018 жылы құс еті бойынша импорт көлемі – 50%-ға артқан, ет консервілері – 32%, шұжық – 40%, көкөніс консервілері – 72%, өсімдік майы – 30%, кептірілген нан және печенье – 39%, макарон – 15%, қант – 55%, кондитерлік өнімдер – 49%, ашытқы  бойынша импорт үлесі – 57%-ға артқан. Жеңіл өнеркәсібі тауарларының басым бөлігі бойынша импорт үлесі 90%-дан асады", - деді Абылай Мырзахметов. 

Сондай-ақ басқарма басшысы 2019 жылдың наурыз айынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп, "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жұмысты жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар оның айтуынша, өткізу нарықтарын кеңейту, атап айтқанда сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, аталмыш кеңестің бірінші отырысы ағымдағы жылдың қаңтар айының екінші жартысына жоспарланған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды