• Басты
  • Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері

Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері

18 Маусым, 2021 14:30

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 2021 жылғы 5 айының әлеуметтік – экономикалық дамудың аралық қорытындыларын баяндады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ақмола облысының әкімінің мәліметінше, жыл басынан бері экономикаға 16,5% өсіммен 102,7 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталған. Негізгі мақсат - әртараптандырылған және технологиялық экономика құру.

Оның айтуынша, облыс дәстүрлі аграрлық бағыттан агро-индустриялық бағытқа біртіндеп көшуде. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82% - ға жеткен.

«Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсмі болды. Жыл басынан бері экономикаға 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, өсім 17%», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде «Бизнестің жол картасы 2025» және «Еңбек» бағдарламаларының шеңберінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Нәтижесінде, 8,5 млрд теңге бөлінген.

«Жыл басынан бері 1,7 млрд теңгеге 500-ден астам жоба қолдау тапты. Өңірлік бизнес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысады. Ағымдағы жылы 9,2 млрд теңгеге 47 жоба қаржыландырылды. Бұл 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді облыс басшысы.

Жалпы есептік кезеңде "Бизнестің жол картасы" бойынша 1,7 млрд теңгеге 500-ден астам жоба қолдау тапқан.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру

Әкімнің дерегінше, бағаны тұрақтандыру тетігін одан әрі іске асыру үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ, облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру аясында жергілікті тауар өндірушілерге азық-түлік тауарларының 7 түрі бойынша 1,1 млрд теңгеге қырыз берілген.

«Облыс орталығында «Kokshe Market» әлеуметтік павильондар желісі кеңеюде, олардың 4-уі бар. Онда тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен сатылады», - деді облыс басшысы.

Cондай-ақ, өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар өсімінің қарқыны сақталуда. Биыл осы бес айдың ішінде 17 млрд-тан астам теңге инвестицияланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе өсім болған.

«Инвесторлар жыл соңына дейін 150 млрд теңгеден астам инвестицияға 23 жобаны іске қосады деп жоспарлап отыр. Оның жартысы азық-түлік өнеркәсібі жобалары", – деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, ең ірі жобалардың бірі - "Ақ Дала Агро". Ол жылына 6 мың тонна қуаты бар құс фабрикасын алдағы уақытта өнім шығару қуаты 15 мың тоннаға жеткізіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы машина құрылысында маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Тұрғын үй құрылысы

Ермек Маржықпаевтың мәліметінше, 2021 жылы жоспарланған 655 мың бүгінде 200 мың ш.м. – 1300 – ден астам пәтер пайдалануға берілген.

Оның айтуынша, облыс орталығында белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салынып жатқан 21 тұрғын үйдің 18-ін биыл пайдалануға беру жоспарланған. Қолжетімді тұрғын үй құрылысымен 9 аудан, Көкшетау және Степногорск қалалары қамтылған.

"Мемлекеттік инвестициялар есебінен облыста 71 үй салынуда, оның ішінде 34 үй биыл пайдалануға беріледі. 23 үй жалға берілетін және 11 кредиттік үй", - деп атап өтті облыс әкімі.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алуға жаңа мүмкіндіктер мен сұраныс берілген. Оның ішінде 362 отбасы жеңілдетілген баспанаға ие болған. Сондай-ақ, облыста әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін 551 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 179 пәтер көпбалалы отбасыларға арналған.

Оның айтуынша, өңірде құрылыс индустриясы да табысты дамып келеді. Соның ішінде, кірпіш өндірісінің көлемі 10 еседен астам деңгейде өскен. Зеренді ауданында тағы бір кірпіш зауыты ашылып, онда жылына 22 млн кірпіш шығарылатынын айтып өтті. Сонымен қатар, Аршалы ауданында ірі кірпіш зауытының құрылысы басталған. Оның қуаты жылына 120 млн кірпіш екен. Зауыт алдағы жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

«Осы жобалар екі жыл ішінде өңірдегі құрылыс кірпішіне деген сұранысты толық жабады. Түрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында шамамен 17 мың, оның ішінде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады", – деді әкім.

Жол құрылысы

Облыс басшысының мәліметінше, биылғы жылды қоса алғанда соңғы үш жылда 1 300 шақырымнан астам жергілікті жол, оның ішінде ауылды жерлерде шамамен 800 шақырым жол салынып жөнделген.   

«Біз жол құрылысын дамытуға ерекші көңіл бөлім отырмыз. Биылғыжылы 700 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолды жөндеу жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 78 пайыздан 82 пайызға дейін арттырамыз», - деді әкім.

Сумен қамтамасыз ету

Облыс басшысы сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу жөніндегі жобалар 9,5 млрд теңгеге 38 елді мекенде іске асырылып жатырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, алдағы уақытта шамамен 7000 ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады. қамту үлесі 83%-дан 90%-ға дейін артады.

«Сумен жабдықтауға қатысты, бұл мәселе барша ақмолалықтарды, әсіресе ауыл тұрғындарын алаңдатады. Биыл сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу жөніндегі жобалар іске асырылуда », - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының аясында облыста 2025 жылға дейін 107 ауылда сумен жабдықтау торабын салу, тағы 57 ауылда блок-модуль орнату жоспарлануда, ол халықты 100 пайыз сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау

Оның мәліметінше, өткен жылы жылу көздері мен жылу тораптарын салу мен реконструкциялаудың 9 жобасын іске асыру нәтижесінде 61 көп қабатты тұрғын үй, 454 жеке меншік үй, 31 әлеуметтік объект жылуға қосымша қосылған.

Соның ішінще Ақкөл, Астрахан Бурабай, Ерейментау, Бұланды Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында шамамен 11 мың адам сапалы жылумен қамтамасыз етілген.

«Ағымдағы жылы жұмыс жалғастырылатын болады. Степняк, Ақмола, Макинск, Астраханка және облыс орталығында қазандықтар мен жылу тораптарын салып жөндеуді жоспарлап отырмыз» - деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар