• Басты
  • Ақмола облысында халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
30 Қазан, 2019 17:35

Ақмола облысында халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді


 Көкшетауда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. «Достар» мәдениет сарайының холында 10 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы қарттар мен мүмкіндігі шектелген тұлғалар жұмыстарының бірегей көрмесі ұйымдастырылды.
Ақмола облысында халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Өзінің құттықтау сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін айқындайтынына баса назар аудартты. 

«Әрдайым, нақты бір адамға көмектесіп, сіздер мемлекеттік міндетті орындайсыздар – азаматтардың әлеуметтік әділдігі мен әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етесіздер», – деді өңір басшысы. 

Ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға  8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның шеңберінде Жұмыспен қамту орталықтары 13 мың жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар азаматтарды жұмысқа орналастырды.                Облыста ерекше қажеттілігі бар 29 мың тұлға тұрады. Оларды қамтамасыз ету үшін оңалту қаржысынан 470 млн теңге бөлінді, ол өткен жылғы қаржыландыру көлемінен 43% артық. 

 Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде бір жарым мыңнан аса қызметкер еңбек етеді, олар 200 мың ақмолалықтарға баға жетпес көмек көрсетеді. Саланың үздік өкілдеріне облыс әкімі ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. 

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Әсия Жаманова «Еңбек ардагері» құрметті медаліне ие болды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бас маманы Елена Буга, Целиноград және Бұланды аудандары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімідерінің бас мамандары Нұрсұлу Бақтыбаева мен Кенжебике Есмағанбетова «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды.

Барлық жаңалықтар