• Басты
  • Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды
10 Қазан, 2019 16:40

Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

Ақмола облысында табысын жасыруына байланысты 135 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды, 32 млн теңге қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күні 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды, 1040 отбасына қайта есептеу жүргізілуде.
Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

Ақмола облысында жыл басынан бастап АӘК тағайындауға 9 мыңнан астам өтініш қабылданды, әлеуметтік көмекті 8,5 мың отбасы немесе 41 мың 639 адам, оның ішінде 3 мың 67 көп балалы отбасы алды.

АӘК төлеуге 4,1 млрд теңге көзделген, оның 2,5 млрд теңгесі төленді.

Кірістерінің жасырылуына байланысты 135 отбасына АӘК төлемдері тоқтатылды және 32 млн теңге қайтарылуы тиіс, сондай-ақ 781 отбасының ағымдағы жылдың екінші тоқсанында табысы өсті. Бүгінгі күні 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды (толығымен: 44 отбасы – 6,8 млн теңге; ішінара: 19 отбасы – 1,8 млн теңге). «Е-Халық» жүйесінде 1 мың 40 отбасына қайта есептеу жүргізілді. Сондай-ақ, табыстың алшақтығы фактілері бойынша мән-жайлар анықталғанға дейін 76 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды.

АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық жеке кәсіптері, шаруа қожалықтары және қымбат жылжымайтын мүлік объектілері бар азаматтардың нақты табыстарын жасыруы болып табылады.

«Көкшетау қаласының көпбалалы отбасына а.ж. мамыр айында 1 млн 151 мың теңге көлемінде АӘК тағайындалды, оның нақты 192 мың теңгесі төленді. Жұмыс тобының жеке кәсіпкерлігі бар әлеуметтік көмек алушыларға шығуы барысында аталған отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын салынып жатқан екі қабатты үйде тұратындығы анықталды. Отбасының материалдық жағдайы жақсы, отағасы жеке кәсіпкер болып табылады. АӘК тағайындаған кезде 1 тоқсанда 259 мың 54 теңге табыс түсті деп көрсеткен. Әлеуметтік көмек алудың заңдылығына тексеріс жүргізу кезінде 2018 жылғы табысы 22 млн теңгені құрады, осы жайт тексеруге себеп болды. Кездесу барысында жұмыс тобының мүшелері табысты жасыру салдары туралы түсініктеме берді. Мониторингтен кейін отбасы АӘК-тен өз еркімен бас тартып, 192 мың теңге көлемінде бұрын алған ақшаны қайтарып берді», – деп хабарлады Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Дина Ахметжанованың мәліметінше, осындай фактілер Ақмола облысының басқа аудандарында да орын алған. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алу мақсатында өңірдің кейбір тұрғындары нақты тұратын мекен-жайын немесе уақытша тіркелген мекенжайын жасыруға тырысқан.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.

Осыған байланысты Министрлік Әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұза отырып тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

 Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің отырысында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек  қалай көрсетілетінін айтқан болатын.

 «Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды