• Басты
  • Ақмола облысында 40 млн доллардың зауыты ашылады
18 Қазан, 2019 16:02

Ақмола облысында 40 млн доллардың зауыты ашылады

Бурабайда «Дамудың жаңа аумағы: Макинск» атты бизнес-форум барысында қазақстандық және түрік компаниясы бірлескен зауыт ашу бойынша меморандумға қол қойды. 
Ақмола облысында 40 млн доллардың зауыты ашылады

"Chukurova" компаниялар тобының директоры Иса Доганалы форум аясында бірқатар меморандумдарға қол қойылғанын жеткізді.

"Біз бүгін "Aitas kz” АҚ-мен меморандумға қол қойдық. Макинск қаласында алдағы 5 жыл бойы жұмыс істеуге келістік. Жобаны жүзеге асыру 4 кезеңнен тұрады. Алдымен, картон кіргізіледі. Кейінгі кезеңдерде кавро-картон жасайтын көліктер әкелінеді.5 жылдан кейін 500 адам жұмысқа орналасады. Жобаның құны 40 млн долларды құрайды",-деді ол.

Сондай-ақ, бас директор жобаны жүзеге асыру бірнеше айдан кейін басталатынын жеткізді.

"Жоспар бойынша келесі жылдан бастап қондырғылар жеткізіледі. Қазақстан ет, азық-түлік,көкөніс өндіреді. Алайда, оны тасымалдайтын қаптама шығармайды. Өнімдерді тасымалдау үшін аталған зауыт ашылады",- деді ол.

Оның айтуынша, бұл аталған түрік компаниясының Қазақстанда жүзеге асырылғалы тұрған алғашқы жобасы.

"Бұл менің Қазақстанға жетінші мәрте келуім. Алайда, тек биыл ғана жолымыз болып,бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Жоба сәтті болады деген үміттеміз",-деді Иса Доганалы.

Айта кетейік, форум барысында нақты айтары бар спикерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ет кластерінде кездесетін қиындықтар, қой, құс етін өндіру және сатуды ұйымдастыру, халықаралық байланыс және басқа да мәселелерді талқыға салды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды